САЙЛАУ » №4 орта мектеп. Талдықорған
"Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі"мемлекеттік мекемесінің
"№4 орта мектеп"
Education Department of Shu district
Reception room :
+7(7282) 24-66-74
bookkeeping:
+7(7282) 24-66-74
Version for
visually impaired
19
March
2023

САЙЛАУ

Талдықорған қаласында алғашқылардың бірі болып  түйешілер дауыс берді
Жетісу облысының орталығы Талдықорған қаласында дауыс берушілер үшін барлық сайлау учаскесі жұмысын бастады. Күн мен түн теңеліп, Ұлыстың ұлы мерекесі қарсаңында өтіп жатқан саяси науқанда нөмірі 419 сайлау учаскесіне келушілерге бір топ азаматтар ән мен жырдан шашу шашты.  Алғашқылардың бірі болып түйе асыраушылар дауыс берді. Олардың қатарында   35 жастағы Байзақов Ұлан бар. Ол соңғы 15 жыл бойы түйе асыраумен айналысып келеді. Ұланның айтуынша түйені асырау оңай іс емес, ал осындай қос өркешті төрт түлік малдың иесі болу бір ғанибет дейді. Аптаның демалыс күндері орталық саябақтарға шығарып, балаларға қуаныш сыйлау ол үшін үлкен бақыт. Ал қызмет көрсетіп тапқан қаражатын түйенің жем-шөбіне, дәрі-дәрмегіне жұмсайды.
#ЕлҮшінТаңдау #ӨзКандидатыңдыТаңда #Сайлауғабарамын #ЖетісуСайлау

Похожие публикации:

20 November 2022 Ең алғашқы
11 March 2022 Administration