Балалардың қауіпсіздігінің алдын алу, ата-аналардың бала өміріне жауапкершілігі" тақырыбында жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы » №4 орта мектеп. Талдықорған
"Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі"мемлекеттік мекемесінің
"№4 орта мектеп"
Education Department of Shu district
Reception room :
+7(7282) 24-66-74
bookkeeping:
+7(7282) 24-66-74
Version for
visually impaired
» » Балалардың қауіпсіздігінің алдын алу, ата-аналардың бала өміріне жауапкершілігі" тақырыбында жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы
11
October
2022

Балалардың қауіпсіздігінің алдын алу, ата-аналардың бала өміріне жауапкершілігі" тақырыбында жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы

Балалар жылы" аясында 2022 жылдың 11 қазан күні   Талдықорған қаласы  "#4 орта мектеп" КММ-де "Балалардың қауіпсіздігінің алдын алу, ата-аналардың бала өміріне жауапкершілігі" тақырыбында жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті. Мақсаты- отбасындағы ата-ана рөлінің маңыздылығын, ата-ананың бала   тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру. Ата-ана мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайту.  Жиналыс барысында "Ата-аналардың бала өміріне жауапкершілігі" тақырыбында мектепішілік ата-аналар комитетінің төрайымы А.А Бакешова, "Кәмелетке толмаған жасөспірімдердің арасында жыныстық тиіспеушіліктің алдын алу  және нашақорлық  пен электронды темекінің зияндары" туралы қалалық емхананың валеологы А.А.Шарипбаева, облыстық СӨС орталығының маманы Т.И.Чевченко, "Төтенше жағдайлар кезіндегі балалар қауіпсіздігінің алдын алу шаралары" тақырыбында Талдықорған қаласы ТЖБ АҚТ аға офицер, подполковник Б.К.Манасов пен ТЖБ бас маманы, Азаматтық қорғау капитаны Б.Т.Қойшыбаев, "Кәмелетке толмаған жасөспірімдердің арасында құқық бұзушылық пен қылмысты болдырмау және оны алдын алу " тақырыбында Талдықорған ҚПБ ЖПҚБ ЮПТ аға учаскелік инспекторы, полиция Mayоры Б.М.Жанысбеков   баяндама оқыды.  Ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға арнайы мамандар өз деңгейінде жауап берді.




Похожие публикации:

21 April 2022 семинар