Көрісу күні – Амал мерекесі» » №4 орта мектеп. Талдықорған
"Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі"мемлекеттік мекемесінің
"№4 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 24-66-74
Есепші бөлімі:
+7(7282) 24-66-74
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Көрісу күні – Амал мерекесі»
14
март
2024

Көрісу күні – Амал мерекесі»

«Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» ММ  «№4 орта мектеп» КММ-де 2024 жылдың 14 наурыз күні Наурыз мерекесі күніне орай «Көрісу күні – Амал мерекесі» атты іс-шара ұйымдастырылды. Мақсаты  - оқушыларға  қазақттың ұлттық салт-дәстүрін дәріптеп, «Көрісу күні – амал мерекесі» туралы кеңінен түсіндіру, үлкендерді құрметтеуге әрбиелеу.  Көрісу күнінде халық қыстан аман - есен шыққанына қуанып, бір - бірімен қол алысады. Бұл күні барлық өкпе - реніш ұмытылып, кешіріледі. Таң сібірлеп атысымен, көрісу мерекесін асыға күтіп отырған әрбір отбасы алдын ала дайындалып қойған дастарханын жаяды. Міндетті түрде бауырсақ пісіріп, дастарханға тәттісін үйіп қояды. Отбасының кішілері үлкендеріне қос қолын беріп, көрісіп шығады. Бір – біріне «Бір жасыңмен!» дейді. Ол «Бір жасқа есеюіңмен! Осы жылға аман - есен жетуіңмен!» дегенді білдіреді. Содан кейін әр отбасы көршілерімен көріседі. Жасы кіші отбасы мүшелері жасы үлкен жанұяларға кіріп, көрісіп шығады.