«Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары: қорғаудың жаңа тетіктерін енгізу» атты балалар өкілдіктерінің Республикалық кеңесімен кездесуі » №4 орта мектеп. Талдықорған
"Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі"мемлекеттік мекемесінің
"№4 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 24-66-74
Есепші бөлімі:
+7(7282) 24-66-74
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары: қорғаудың жаңа тетіктерін енгізу» атты балалар өкілдіктерінің Республикалық кеңесімен кездесуі
07
декабрь
2022

«Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары: қорғаудың жаңа тетіктерін енгізу» атты балалар өкілдіктерінің Республикалық кеңесімен кездесуі

Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті балалар жылын аяқтау шеңберінде 2022 жылғы 7 желтоқсанда ҚР Білім Министрінің «Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары: қорғаудың жаңа тетіктерін енгізу» атты балалар өкілдіктерінің Республикалық кеңесімен кездесуін өткізді. Кездесуге Республикалық кеңесінің өкілдері келді. Оқушылар Асхат Қанатұлымен кездесіп, өздерінің сұрақтарын қойып, ойларымен бөлісті. Сонымен қатар бала құқықтары және қазіргі замандағы білім саласындағы өзекті мәселелер туралы әңгімелесті.

Ал 2022 жылғы 9 желтоқсанда халықаралық сарапшылардың қатысуымен «Қазақстандағы балалар жылы: Балалардың құқықтарын қорғау саласындағы өзекті мәселелер, түйінді сын-қатерлер мен мүмкіндіктер» тақырыбында конференция өтті. Оған БҰҰ-ның Бала құқықтары жөніндегі өкілдері, Қазақстандағы БҰҰ Балалар Қоры (ЮНИСЕФ), Парламент, үкіметтік емес ұйымдар, бала құқықтары жөніндегі уәкілдер, педагогтер, ата-аналар және балалар өкілдері қатысты. Конференцияға қатысушыларды Білім министрі Асхат Аймағамбетов құттықтау сөзімен қарсы алды. Ол қатысушыларға балалардың құқықтарын қорғау саласындағы белсенділігі мен үлесі үшін алғыс білдіріп, Қазақстандағы Балалар жылын қорытындылады. Сондай-ақ, балалық шақтың өзекті мәселелерін шешудегі одан әрі жүзеге асырылатын іс-қимылдар мен тәсілдер қарастырылды.

Бағдарлама шеңберінде оқушылар 8 желтоқсан күні оқушылар Астана қаласының көрнекті жерлеріне экскурсияға барды. Олардың ішінде: «Qazaqstan» Жеңіл Атлетикалық Спорт Кешені, «Қазмедиа орталығы» телерадиокешені, Қазақстан мен Орталық Азиядағы ең үлкен жаңа мешіті, «Бәйтерек» кешені және Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мұражайы бар. Оқушылар экскурсиядан алған әсерімен өздерінің әлеуметтік желілерінде бөлісті. 

Аталған іс-шараларға Республикалық кеңесі қатарында Жетісу облысы атынан Талдықорған қаласының балалар өкілі, №4 орта мектептің 10 сынып оқушысы Хангерей Әмірлан Олжасұлы қатысты.



Комитет по защите прав детей Министерства образования Республики Казахстан в рамках завершения года детей 7 декабря 2022 года провел встречу министра образования РК с Республиканским советом детских представительств на тему «Права ребенка в Республике Казахстан: внедрение новых механизмов защиты». На встречу пришли представители Республиканского совета. Учащиеся встретились с Асхатом Канатовичем, задали свои вопросы и делились своими мыслями. Он также рассказал об актуальных вопросах в области прав ребенка и современного образования.

А 9 декабря 2022 года состоялась конференция с участием международных экспертов на тему: «Год детей в Казахстане: актуальные вопросы сферы защиты прав детей, ключевые вызовы и возможности». В нем приняли участие представители ООН по правам ребенка, детского фонда ООН (ЮНИСЕФ) в Казахстане, парламента, неправительственных организаций, уполномоченных по правам ребенка, педагогов, родителей и детей. С приветственным словом к участникам конференции обратился министр образования Асхат Аймагамбетов. Он поблагодарил участников за активность и вклад в защиту прав детей и подвел итоги года детей в Казахстане. Также были рассмотрены дальнейшие действия и подходы к решению актуальных проблем детства.

8 декабря учащиеся посетили экскурсию по достопримечательностям города Астаны. Среди них: Легкоатлетический спортивный комплекс «Qazaqstan», Телерадиокомплекс «Центр Казмедиа», Самая большая мечеть Казахстана и Центральной Азии, комплекс «Байтерек» и Музей Первого Президента Республики Казахстан. Своими впечатлениями от экскурсии школьники поделились в своих социальных сетях.

В этих мероприятиях в рядах Республиканского совета от области Жетісу принял участие детский представитель города Талдыкорган, ученик 10 класса средней школы №4 Хангерей Амирлан Олжасович.