Білім алушылардың қорытынды аттестаттауға, ҰБТ - ге психологиялық дайындық барысында ескерілетін маңызды ескертулер: » №4 орта мектеп. Талдықорған
"Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі"мемлекеттік мекемесінің
"№4 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 24-66-74
Есепші бөлімі:
+7(7282) 24-66-74
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Білім алушылардың қорытынды аттестаттауға, ҰБТ - ге психологиялық дайындық барысында ескерілетін маңызды ескертулер:
10
январь
2023

Білім алушылардың қорытынды аттестаттауға, ҰБТ - ге психологиялық дайындық барысында ескерілетін маңызды ескертулер:

Білім алушылардың қорытынды аттестаттауға, ҰБТ - ге психологиялық дайындық
барысында ескерілетін маңызды ескертулер:
  • ҰБТ рәсімі ойыңды әбден жинақтап, бар назарыңды соған аударып, мұқият және ұқыпты болады, бір тапсырмадан екіншісіне жылдам көше білуді талап етеді.
  • ҰБТ - ке психологиялық дайындықтың тиімділігі - тест кезінде өзінді ұстай білуге ғана көмектесіп қоймай, ой жұмысы дағдыларын дамытуға, маңызды кездерде өзіңді жұмысқа жұмылдыруға, өзінің эмоцияларын қолға алуға алуға көмектеседі.
  • Тест тапсыру кезеңінің психологиялық қамтамасыз ету мәселелерін талқылай отырып, оның 3 кезеңін атап өту қажет:
  • Тестке дайындық, тест алдында оқу материалдарын зерделеу:
  • Тест тапсыру алдындағы мінез құлық
  • Нақты тест кезіндегі мінез құлық
Сынақ алдында өзіңе психологиялық тұрғыдан тиімді жағдай ұйымдастыруға
ұсыныстар:
  • Аса ауыр кездерде басыңды жоғалтып алмас үшін, аса жоғары мақсатқа қол жеткізу үшін өзіңнің алдыңа аса жоғары міндет қойма. Жағдайдың әбден шиеленісуін күтіп отырма.
  • Емтиханға алдын ала, аздап-аздап, бөлшектеп дайындалуға кіріс.
  • Егер күш-жігерің мен ойыңды жинау қиынға соқса, алдымен ең жеңілдерін есте сақтауға тырыс, содан кейін күрделі материалды оқуға көш.
  • Ішкі қобалжуды, шаршағандықты басуға, өзіңді бос ұстауға көмектесетін жаттығуларды күн сайын орында.
ҰБТ - ке дайындық барысында тамақтануға үлкен мән бер!
  • Күніне 3-4 рет тамақтану қажет;
тамақ нәрлі және дәрумендерге бай болсын.
  • Күнделікті ас мәзіріне құрамында грек жаңғағы, сүт өнімдерін, балық, ет, көкөніс-жеміс, шоколад болуы маңызды.
  • Тағы бір кеңес: емтихан алдында аса тойып тамақ жемеу өзіңді жайлы сезінуге кедергі болады.
Адам психологиясына түстің әсері туралы ешқашан есте шығарма!
Өзіңнің дайындық бөлмеңде сары немесе күлгін түсті заттардың болуы адамның интеллектуалдық қабілеттілігің мен белсенділігінді көтеруге әсерін тигізеді.
Танымдық қабілеттерді дамытуға арналған кеңестер
Көп материалды қалай есте сақтауға болады
  • Материалдарды сұрақ бойынша қайтала.
  • Бірінші есіңе түсір де, бар білгеніңді қысқаша жазып ал.
  • Содан кейін ғана даталардың, негізгі оқиғалардың дұрыстығын тексер.
  • Оқулықты оқып отырғанда басты, өзекті ойларды түртіп отыр - бұл жауаптың негізгі тармақтары болмақ. Кішкентай парақтарға әр сұраққа жауыптың қысқаша жоспарын құрастырып үйрен.
  • Ертең емтиханға барамын деген күні жауаптың қысқаша жоспарлары бар парақтарында
қарап шық.
Ойды, ойлау қабілетін қалай дамытуға болады.
  • Ақылды болғың келсе - ұғынықты сұрақ қоюға, бар зейінмен тыңдауға, байыппен
жауап беруге және айтар жауабың болмаса үндемеуге үйрен.
ü  Оймен жұмыс істемей білім алуға болмайтындай, бірақ білім болмай ой да болмайды.
ü  Ойлау қабілетін дамыту дегеніміз - өз ақылыңды біліммен қуаттау. Білім көзі әртүрлі болуы мүмкін: мектеп, кітаптар, теледидар, адамдар. Олар заттар мен құбылыстар туралы, адамдар туралы ақпарат береді.
ü  Ойлау сұрақтан басталады. Барлық жаңа өнертабыстар «Неге?» және «Қалай?» деген сұрақтардың арқасында ашылған. Сұрақ қоюға және оған жауап іздеп үйрен.
ü  Дайын стандартты шешімдердің көмегімен қажетті нәтижеге қол жеткізу мүмкін болмаған жағдайда ойлау қабілеті «іске кіріседі». Сондықтан ойлауды дамыту үшін затты немесе құбылысты әр қырынан көре білу, әдеттегіден жаңаның ізін байқау қабілетін қалыптастыру маңызды.
ü  Заттың немесе құбылыстың әртүрлі қасиеттерін байқау, оларды өзара салыстыра білу
қабілеті - ойлаудың қасиеті.
ü  Адам объектінің белгілерін, қырларын қаншалықты көп байқаса, оның ойлау қабілеті соншалықты икемді және дамыған болады. Бұл қасиетті зеректікке арналған ойындармен, логикалық тапсырмалар мен басқатырғыштарды шешу арқылы жаттықтыру қажет.
ü  Ойлау мен сөйлеу біртұтас. Ойлауды дамытудың басты шарттарының бірі – оқығанды еркін баяндап беру, пікірталасқа қатысу, жазба тілді белсенді пайдалану, өзің де толық түсінбеген нәрсені басқаға айтып беру.
ü  
Есте сақтаудың кейбір заңдылықтары:
ü  Есте сақтау қиындығы оның көлеміне кері пропорционалды өседі. Қысқа сөзден гөрі үлкен үзіндіні жаттау анағұрлым пайдалы.
ü  Бірдей жұмыс кезінде есте сақталатынның саны қаншалықты көп болса, түсіну деңгейі соншалықты жоғары болмақ.
ü  Назар аударып (концентрированно) жаттағаннан бөліп жаттаған жақсы. Қатарынан жаттай бергенше үзілістермен жаттаған, бәрін бірден жаттағаннан аздап жаттаған жақсы.
ü  Қайта-қайта жай оқи бергеннен ойша қайталаған анағұрлым тиімді.
ü  Егер үлкен және кішкентай екі материалмен жұмыс істесең, үлкеннен бастаған дұрыс.
ü  Ұйықтап жатқан адам жаттамайды, бірақ ұмытпайды да.
 Педагог-психолог:                          Ж.Байденов