«Кітап асыл қазынам» атты Буккроссинг » №4 орта мектеп. Талдықорған
"Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі"мемлекеттік мекемесінің
"№4 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 24-66-74
Есепші бөлімі:
+7(7282) 24-66-74
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Кітап асыл қазынам» атты Буккроссинг
03
апрель
2023

«Кітап асыл қазынам» атты Буккроссинг

           2 сәуір –халықаралық балалар кітабы күніне орай «Кітап асыл қазынам» атты  Буккроссинг өтті. 

     Мақсаты – оқушыларды әдебиетке жақын болуға шақыру, кітап оқуға үндеу. Кітап – сарқылмас рухани қазынамыз, білімнің кітап арқылы берілетінін, кітапты ізденіп, сабырмен түсініп  оқыған адам ғана ғылым мен білімнің шыңына жететіндігін, адам өмірінде кітаптың алар орны ерекше екенін түсіндіру.

           Қуан кітап, қуанатын күн бүгін
           Серпіп таста мұңды жүрек түндігін.
           Кел, оқырман тойын тойла кітаптың

           Шаттанатын мерекелі күн бүгін.

     Балалар кітабы халықаралық кеңесінің шешімімен 1956 жылдан бастап балалардың сүйікті ертегішісі Ганс Христиан Андерсеннің 2 сәуір туған күні, яғни «2 сәуір халықаралық балалар кітабы күні» деп бекітілгендігі туралы мәлімет айтылды.              

   «Кітап – білім бұлағы, ал білім – өмір шырағы» дегендей 3«В» сынып жетекшісі Бегимбаева Сандуғаш оқушыларымен кітап туралы өлеңдер, мақал мәтелдер айтып, кітапханаға кітаптар сыйлады.