«Нашақорлық – індет, оның алдын алу - міндет» тақырыбында дәріс сабағы » №4 орта мектеп. Талдықорған
"Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі"мемлекеттік мекемесінің
"№4 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 24-66-74
Есепші бөлімі:
+7(7282) 24-66-74
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Нашақорлық – індет, оның алдын алу - міндет» тақырыбында дәріс сабағы
19
апрель
2023

«Нашақорлық – індет, оның алдын алу - міндет» тақырыбында дәріс сабағы

2023 жылдың 19 сәуір күні «№4 орта мектеп» КММ-де мектеп әкімшілігінің ұйымдастыруымен 11 сынып оқушыларымен «Нашақорлық – індет, оның алдын алу  - міндет» тақырыбында дәріс сабағы өткізілді. 
Салауатты өмір салтын ұстану мақсатында  қалалық емханадан келген терапевт Смагулова Жупар Егеубаевна, , облыстық СӨС және психикалық орталығының маманы Татьяна Ивановна Чевченко "Нашақорлық, электронды темекі , алгоколизм туралы" кеңінен түсіндіріп, оқушылардың қойған сұрақтарына жауап беріп, оларға  кеңес берді. Жастар денсаулық ортылығының менеджменті Туткабаева Сандугаш Ериковна және  психологы Бурунгазова Алена Ментаевна психологиялық тренинг өткізді.
Құқық бұзушылықтың алдын алуы бойынша Талдықорған ҚПБ ЖПҚБ   ЮПТ аға учаскелік инспекторы, полиция майоры – Куралева Анжела Борисовна   ақпараттық түсіндірме жұмысын жүргізді.
Түсіндірме жұмысы барысында жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ олардың құқықтық сауттылығын арттыру мақсатында, адам денсаулығына зиянды жақтары бойынша нұсқаулық берді.Жасөспірімдер арасында өте кең таралған зиянды заттар вейп сигареттер мен энергетикалық сусындардың адам ағзасына тигізер зияндығы туралы ақпарат бере отырып, зиянды заттарды ерте жастан қолдану жасөспірімдердің денсаулығына орасан зор қатер туғызатындығын ескертті. Сондай-ақ зорлық-зомбылыққа алып келетін қылмыстық іс-әрекет үшін заң бойынша қолданылатын жаза түрлері туралы ақпарат беріліп, кәмелетке толмаған жас¬өспірімдерге кешкі мезгілде сағ 22-00ден кейін ата-анасыз(Заңды өкілінсіз) көшеде ,ойын салондарында,кафе,түнгі клубтарында жүруге тыйым салынатындығы туралы тағы да ескертіп айтты.