Қазақ лигасы «Болашақ» командасы алғыс хатпен марапатталды » №4 орта мектеп. Талдықорған
"Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі"мемлекеттік мекемесінің
"№4 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 24-66-74
Есепші бөлімі:
+7(7282) 24-66-74
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қазақ лигасы «Болашақ» командасы алғыс хатпен марапатталды
17
октябрь
2023

Қазақ лигасы «Болашақ» командасы алғыс хатпен марапатталды

«Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» «№13 мектебінде  қазан айының 17-ші жұлдызында «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ гранты аясында «Жетісу ділмарлары» пікірсайыс қозғалысы жобасының өңірлік пікірсайыс турнирі ұйымдастырылды. Осы турнирге қаламыздың 30 мектебі қатыстып, жүлделі орындар мен үздік спикерлер марапатталды. Сонымен қатар оқушылардың бағалауымен, таңдауымен «Үздік төрешілер» «Жас ұрпақ» жастар қоғамдық бірлестігінің алғыс хатымен марапатталды. 
«№4 орта мектеп» КММ-нен  қазақ лигасы және орыс лигасы қатысты. Атап айтсақ, 9 «Ә» сынып оқушылары Мақабыл Аяулым, Алибекова Аяулым қазақ лигасынан, 11 сынып оқушылары Хангерей Амирлан және Ашихмина Амелия орыс лигасынан қатысты. 
Қазақ лигасы «Болашақ» командасы алғыс хатпен марапатталса, орыс лигасының «Пантеон» командасы жүлделі 3 орынмен марапатталса, «Үздік спикер» марапатын Ашихмина Амелия алды.