Bullying сөзі ағылшын тілінен аударғанда “қорқыту”, “кемсіту”, “мұқату” » №4 орта мектеп. Талдықорған
"Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі"мемлекеттік мекемесінің
"№4 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 24-66-74
Есепші бөлімі:
+7(7282) 24-66-74
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Bullying сөзі ағылшын тілінен аударғанда “қорқыту”, “кемсіту”, “мұқату”
13
декабрь
2023

Bullying сөзі ағылшын тілінен аударғанда “қорқыту”, “кемсіту”, “мұқату”

«Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі «№4 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде педагог-ұйымдастырушы Г.Бижанова мен дебат фракциясының мүшесі А.Алибекованың ұйымдастыруымен желтоқсан айының 6-да «Буллинг және кибербуллинг оның алдын-алу жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстеліміздің қонақтары әдеп және құқық менторы Г.Қадырқызы және информатика пәнінің мұғалімі Р.Сейдолдаев. Мектеп парламенті берілген тақырып бойынша өз ойларын айтып, пікір-алмасты.
Bullying сөзі ағылшын тілінен аударғанда “қорқыту”, “кемсіту”, “мұқату” дегенді білдіреді. Буллинг - агрессия немесе күш көрсету арқылы адамның өзгені қорлауы, үстем екенін көрсетуі. Буллинг жасаушы мұны күшпен де, сөзбен кемсіту арқылы да жасайды әрі бұл әрекетін жиі қайталауы мүмкін. Қоғамда «буллинг мектеп оқушылары арасында ғана болады» деген түсінік қалыптасқан. Шын мәнінде, кез келген жастағы адам үйде, көшеде, жұмыста, оқу орнында, қысқасы, барлық жерде буллингпен ұшырасуы мүмкін.
Ең соңында әр білім алушы өз шешім, ұсыныстарын айтып, қорытындылады. @zhetysu_bilim @gorono_metod