Мектеп асханасы » №4 орта мектеп. Талдықорған
"Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі"мемлекеттік мекемесінің
"№4 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 24-66-74
Есепші бөлімі:
+7(7282) 24-66-74
Нашар көрушілер
нұсқасы
10
март
2020

Мектеп асханасы

«№4 орта мектеп» КММ 2020 оқу жылы Мектеп асханасының оқушыларды ыстық тамақпен қамтуы және ұйымдастыру жұмыстары бойынша ақпарат

Мектеп асханасы әр айда бір рет тексеріледі.
Мектеп асханасы таңғы сағат 07.00-ден кешкі 18.00 -дейін жұмыс істейді. Мектеп әкімшілігі тарапынан кезекшілік кестесі, бастауыш сынып мұғалімдерінің асханада күнделікті кезекшілік кестесі және мектеп әкімшілігі тарапынан асхананың ас мәзірін, ыстық тамақтың сапасын, асхананың санитарлық жағдайын қадағалау мақсатында мектепішілік комиссия құрылған. Асханада оқушыларды тамақтандыру мақсатында мектепішілік бұйрықтар шығарылып, оқушылардың асханаға бару кестесі, ыстық тамақты тегін ішетін оқушылардың тізімі тіркелген ҚББ және мектеп директормен бекітілген.
Тексеру барысында мектеп асханасының санитарлық жағдайы талапқа сай, таза, жұмыс істеуге рұқсат етілген арнайы құжаттары, рұқсат қағазы бар, асхана паспорты, шағым және тілек, әр тағам құндылығы, бракираж, шикі өнімдер журналдары бар және күнделікті толтырылып отырады. Асхана жұмысшыларының санитарлық кітапшалары, ауыстырып киетін жұмыс киімдері,жұмыс істеуге рұқсат етілген құжаттары бар. Асханада оқушыларға арналған 10 күндік ас мәзірі және соған негізделіп жасалған 1 күндік ас мәзірі құрылып, мектеп директорымен бекітілген. Асхана бұрышы ілінген, онда 1 күндік ас мәзірі, бастауыш сыныптардың асханаға келу кестесі көрсетілген. Мектеп медбикесі А.А.Сарманбетова асхана өнімдерін, әр күнгі ас мәзірін тексеріп журналға сапасын,дәмін жазып күнделікті белгілеп отырады.
2020 жылы 3-тоқсан мектеп бойынша жалпы бала саны 1941, 1-4 сынып 802 бала, 5-11 сынып 1139 бала.
2019 оқу жылы қыркүйек айында мектеп асханасынан жалпыға білім беру қоры қаржы есебінен көп балалы, әлеуметтік жағдайы төмен, жетім, жартылай жетім 96 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылса, қазан айынан бастап қосымша қаражат бөлініп тағы 29 оқушы,ал қаңтар айында тегін тамақ ішетін білім алушылардын саны 9 көбейді. Жалпыға білім беру қоры қаржы есебінен барлығы 134 білім алушы тегін ыстық тамақпен қамтылды. Оның ішінде 1-4- сынып 89- бала, 45- бала 5-11- сынып оқушылары.. Жалпы мектеп бойынша 134- оқушының тізімі тіркелген, ҚББ басшысымен бекітілген. Асхана меңгерушісі тарапынан 72-оқушы тегін тамақтанады, 34-бала 1-4- сынып, 38-бала 5-11-сынып оқушылары. Тегін тамақпен қамтылған білім алушылардың пайыздық көрсетілімі мектеп бойынша 10,6% көрсетеді.134- оқушының ішінде 69-бала атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасыдан шыққан (АСП), 22-бала көп балалы отбасы балалары, 15-бала жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, 6-бала ата-анасы мүгедек және 22-бала әлеуметтік жағдайы төмен отбасы балалары.Ал наурыз айынан бастап 206- білім алушының 104-і жалпыға бірдей білім беру қорынан, оның 62-сі 1-4-сынып,42-сі 5-11 сынып оқушылары.102-оқушы асхана меңгерушісі тарапынан тегін тамақпен қамтылып отыр.102-білім алушылардың 61-і 1-4-сынып,41-і 5-11-сынып оқушылары. 206- оқушының ішінде 85-бала атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасыдан шыққан (АСП), 53-бала көп балалы отбасы балалары, 15-бала жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, 6-бала ата-анасы мүгедек және 47-бала әлеуметтік жағдайы төмен отбасы балалары. Жоғарыда көрсетілген оқушылардын тізімі ата-аналар берген өтініштері бойынша қаралып, тегін тамаққа құқылы балалардың тізімі іріктеліп мектеп әкімшілігі тарапынан қарастырылып, Қалалық білім бөліміне өткізілді. Сынып жетекшілері тегін тамақ ішетін оқушыларды арнайы ыстық тамақ дәптеріне белгілеп отырады. Әр ай сайын ҚББ және қалалық бухгалтерияға тегін тамақ бойынша есеп беріліп отырады, яғни акт, әр айда тегін тамаққа жұмсалған шығын, табель өткізіледі. Мектеп бойынша ата-аналар есебінен ыстық тамақпен қамтылған 459- бала ,106- бала даярлық сыныпта оқиды,оның ішінде тамақ ішетіні 84-баланы,барлығы бастауыш мектеп бойынша ақылы тамақпен 543 оқушы қамтылған.Жалпы мектеп бойынша ыстық тамақпен 749-білім алушы қамтылған. Бұл мектеп бойынша 38,5% құрайды.Сынып жетекшілер мектеп оқушыларын күніне 1уақыт кестеге сәйкес асханадан тамақтандырады.Асханада ақылы тамақтың орташа бағамы 320 теңгені құрайды.