Материалы за Ноябрь 2025 года » Страница 3 » №4 орта мектеп. Талдықорған
"Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі"мемлекеттік мекемесінің
"№4 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 24-66-74
Есепші бөлімі:
+7(7282) 24-66-74
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Ноябрь 2025 года » Страница 3
"Герой нашего времени"»
14
ноябрь
2025
"Герой нашего времени"»
📚 13 қараша күні орыс тілі мен әдебиеті онкүндігі аясында Қасенова Танзиля Ибраевна 10 «В» сыныбымен «Русская литература» пәнінен «Образ Печорина в искусстве слова по роману М.Ю. Лермонтова "Герой нашего времени"» тақырыбында панорамалық сабақ өткізді. 📖 Сабақ жоғары деңгейде өтті, оқушылар белсенділік танытып, көркем әдебиетке деген қызығушылықтарын арттырды. Мұғалім тиімді әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, білімді меңгертудің жаңа жолдарын көрсетті.
3 «Ә» сынып оқушысы Мадиұлы Арлан Абу-Даби қаласында өткен Jiu-Jitsu World Festival Championship 2025 халықаралық жарысына қатысып, үздік өнер көрсетіп, күміс медальға ие болды!  Бұл – Арланның еңбегі мен төзімділігінің, батылдығы мен жанкешті дайынд
14
ноябрь
2025
3 «Ә» сынып оқушысы Мадиұлы Арлан Абу-Даби қаласында өткен Jiu-Jitsu
3 «Ә» сынып оқушысы Мадиұлы Арлан Абу-Даби қаласында өткен Jiu-Jitsu World Festival Championship 2025 халықаралық жарысына қатысып, үздік өнер көрсетіп, күміс медальға ие болды! Бұл – Арланның еңбегі мен төзімділігінің, батылдығы мен жанкешті дайындығының нақты жемісі. Арланның өзінен үлкен додада ерлік көрсетіп, биік нәтижеге қол жеткізгеніне мақтанамыз! 👏 Арланды және оны баптаған жаттықтырушыны құттықтаймыз! Жаңа белестерге жолың ашық болсын, батыр бала! 🇰🇿🔥
Lesson Study
11
ноябрь
2025
Lesson Study
🔎📚 Мектебімізде директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Масабаева Мейрамгүл Мұратбекқызының бастамасымен Lesson Study үдерісі өз жұмысын бастады! Бұл – мұғалімдердің бірлесіп зерттеу, тәжірибе алмасу, кәсіби даму алаңы. Сабақтарды бірге талдап, тиімді әдіс-тәсілдерді анықтау – білім сапасын арттырудың жолы. #LessonStudy #МұғалімДамуы #БіргеҮйренеміз #МектепӨмірі
10–21 қараша аралығында мектебімізде орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша онкүндік бастау алды!
11
ноябрь
2025
10–21 қараша аралығында мектебімізде орыс тілі мен әдебиеті пәні
📚✨ 10–21 қараша аралығында мектебімізде орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша онкүндік бастау алды! Ашылу шарасы қызықты ойындар мен танымдық викториналарға толы болды. Оқушылар белсенділік танытып, өз білімдерімен көзге түсті. Бұл шара тілге деген қызығушылықты арттырып, шығармашылықты дамытты. #ОрысТіліОнкүндігі #МектепӨмірі #ТілБілімТәрбиесі
Мектеп лигасы аясында қалалық кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен өткен 9-11 сыныптар арасында волейбол жарысы
10
ноябрь
2025
Мектеп лигасы аясында қалалық кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен
Мектеп лигасы аясында қалалық кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен өткен 9-11 сыныптар арасында волейбол жарысында мектебіміздің оқушылары жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі 1 -орынға ие болды. Бұл жеңіс — оқушылардың ынтасы мен жаттықтырушылардың еңбегінің нәтижесі. Спортты ұлықтаған шәкірттерімізге алдағы жарыстарда да сәттілік тілейміз! Жетекшісі: Удербаев Б. Калибаев М. Қатысушыларға алғыс білдіреміз!