20
июнь
2025
«Балдырған»
2025 жылғы 20 маусымда "№4 орта мектеп" КММ бастауыш сынып оқушыларының қатысуымен көптен күткен «Балдырған» жазғы алаңының төртінші күні өтті.
Бүгін біздің лагерьде қызықты әрі пайдалы арт-терапиялық шеберлік сабағы өтті. Педагог-психолог Байденов Ж.М.жетекшілігімен балалар сурет салып, сазбалшықпен мүсін жасап, табиғи материалдардан бұйымдар дайындады.
Арт-терапия балаларға өз эмоцияларын жеткізуге, бой сергітіп, шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік берді. Әр қатысушы өзін нағыз суретші ретінде сезініп, ішкі жан дүниесін өнер арқылы білдіре алды.
Сабақ соңында барлық жұмыстар шағын көрмеге қойылып, балалар өз туындылары туралы мақтанышпен айтып берді.