27
ноябрь
2025
Оқу үдерісін оңтайландырудағы ЖИ-дің мүмкіндіктері»
Қазақ тілі мен әдебиеті онкүндігі аясында «Оқу үдерісін оңтайландырудағы ЖИ-дің мүмкіндіктері» тақырыбында семинар өтті. Семинарда қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері, педагог-зерттеушілері Бектемисова Маржан Мұхтарқызы мен Ордабаева Сандуғаш Нұриманқызы оқушыларға білім беруде ЖИ-дің мүмкіндіктері мен тиімділігін түсіндіріп, тәжірибелерімен бөлісті.
🔍 Семинардың мақсаты:
Оқу үдерісін тиімді жоспарлау, ұйымдастыру және бағалауда жасанды интеллект құралдарын қолдану мүмкіндіктерін көрсету;
Педагогтардың ЖИ технологияларын қауіпсіз әрі жауапты қолдану дағдыларын қалыптастыру.
🔍 Міндеттері:
ЖИ-дің негізгі ұғымдары мен түрлерін түсіндіру;
Оқу материалы мен жеке траекторияларды ЖИ арқылы бейімдеу жолдарын талқылау;
Білім алушылардың білімін бағалауда ЖИ жүйелерін қолдану мысалдарын қарастыру;
Педагогикалық тәжірибеден ЖИ қолданудың нақты кейстерімен таныстыру;
💡 Семинар барысында оқушылардың қызығушылығын арттыруда және оқуға қажетті материалдарды дайындауда «Jeda.ai», «KwizAI», «Diffit», «Lumio» платформаларының қолданылуы мен артықшылықтарын таныстырып, тапсырмалар орындатты. Қатысушылар ЖИ құралдарын қолданып көріп, жаңа идеялар мен әдістер алды.