03
декабрь
2025
Бауыржан Момышұлы
Мектебімізде қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің онкүндігі аясында Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына арналған тәрбие сағаты жоғары деңгейде өтті. Оқушылардың тақырыбыптық суреттері де сапалы әрі көркем дүние болды. Оларға суреттерін қорғату, ой-пікірін білу балалардың сөйлеу тілін, сыни ойлауын жаңа сатыға көтерген креативті идея болды. Осы шараның арқасында мектебімізде жас ақындардың саны өскенін білдік. Іс-шара барысында батырдың ерлігі, адамгершілігі, әскери тәртібі мен отанға деген шексіз сүйіспеншілігі жан-жақты ашылды. Көрнекіліктер мен бейнематериалдар, нақыл сөздерді талдату мен викторина сұрақтары оқушылардың қызығушылығын арттырды. Тәрбие сағаты жас ұрпақты батырлыққа, тәртіпке, отаншылдыққа тәрбиелеуде өте маңызды болды. Оқушылар Бауыржан Момышұлының өмірінен үлгі алып, патриоттық сезімдерін нығайтты. Сіздерге зор денсаулық пен аттарыңызды шығаратын дарынды шәкірттер, шығармашылық шабыттарыңыз шарықтай берсін.



