30
декабрь
2025
«Оқушы жетістігін саралау жолдары»
Бүгін, 30.12.2025 күні мектебімізде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші, ҒПБ магистрі Бейсенбі Сәуле Төлендіқызы және информатика пәнінің мұғалімі, педагог-модератор, ҒПБ магистрі Назарова Сымбат Сауқынқызы «Оқушы жетістігін саралау жолдары» тақырыбында коучинг-мибатл өткізді.
Коучинг-мибатл барысында қолайлы орта туғызу жаттығуы, «Оқушы жетістігін саралау жолдары» тақырыбында дәріс және "Мибатл" ойыны, кюар арқылы кері байланыс берілді.
Іс-шараның мақсаты:
– педагогтердің оқушы жетістігін бағалау және саралау дағдыларын жетілдіру, тиімді әдіс-тәсілдерді тәжірибеде қолдануға бағыт беру.
Дәріс бөлімінде оқушы жетістігін саралаудың мәні мен маңызы, қалыптастырушы және жиынтық бағалау, критериалды бағалау жүйесі, дескриптор құру, кері байланыстың түрлері мен тиімділігі туралы теориялық мәліметтер ұсынылды. Сонымен қатар, саралаудың тапсырма, қолдау, нәтиже бойынша түрлеріне нақты мысалдар келтірілді.
Мибатл барысында қатысушылар топтық жұмысқа тартылып, оқушы жетістігін саралауға арналған тапсырмалар, бағалау критерийлері мен саралау әдістемесі туралы түрлі деңгейдегі сұрақтарға жауап берді. Мибатл форматында ұсынылған жағдаяттық сұрақтар қатысушылардың сыни ойлауын дамытуға ықпал етті.
Кері байланыс кезеңінде қатысушылар кюар код арқылы ой бөлісті. Мұғалімдер іс-шараның мазмұнының өзектілігін, практикалық бағытта құрылғанын атап өтті. Көпшілігі алынған әдіс-тәсілдерді сабақ барысында қолдануға дайын екендіктерін білдірді.
Өткізілген дәріс пен коучинг-мибатл мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға, оқушы жетістігін тиімді саралау дағдыларын қалыптастыруға оң әсерін тигізді. Алдағы уақытта аталған тақырып бойынша тәжірибелік жұмыстарды жалғаса береді. Өткізген, қатысқан ұстаздарға алғысымызды білдіреміз, бірлік пен ынтамағымыз жалғаса берсін.