«Күннің шағылысуы» » №4 орта мектеп. Талдықорған
"Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі"мемлекеттік мекемесінің
"№4 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 24-66-74
Есепші бөлімі:
+7(7282) 24-66-74
Нашар көрушілер
нұсқасы
22
январь
2026

«Күннің шағылысуы»

✨ Бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінің онкүндігі аясында
педагог-сарапшы, бастауыш сынып мұғалімі Рысбекова Жадыра Батырбаевна жаратылыстану пәнінен «Күннің шағылысуы» тақырыбында қызықты да мазмұнды сабақ өткізді.
🔹 Сабақ барысында заманауи жасанды интеллект мүмкіндіктері тиімді қолданылып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артып, зерттеушілік қабілеттері дамыды.
🔹 Түрлі зерттеу нысандары арқылы оқушылар күн сәулесінің шағылысу құбылысын тереңірек түсінді.
🔹 Сабақ басында оқушылар «ұшақпен саяхат» әдісі арқылы отыру талоны негізінде топқа біріктірілді.
🔹 Бағалау отыру талонында көрсетілген критерийлер арқылы жүзеге асырылды.
🌞 Танымдық, шығармашылыққа толы сабақ оқушыларға ерекше әсер қалдырды!