«Мектептің үздік мұғалімі» байқауы » №4 орта мектеп. Талдықорған
"Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі"мемлекеттік мекемесінің
"№4 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 24-66-74
Есепші бөлімі:
+7(7282) 24-66-74
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Мектептің үздік мұғалімі» байқауы
12
май
2023

«Мектептің үздік мұғалімі» байқауы

Адамзат   тек біліммен ғана алға жылжиды. Ал сол білім нәрін беруші – ҰСТАЗ.  «№4 орта мектеп» КММ  «Мектептің үздік мұғалімі» байқауы өткізілді. Байқауды өткізудегі мақсат   қалалық байқауға іріктеу және шығармашылықпен жұмыс істейтін, талантты, ой өрісі биік, парасатты өзіндік авторлық жаңашыл идеясы бар, ғылыми-әдістемелік  шеберлігі қалыптасқан, педагогикалық мәдениеті жоғары, жан-жақты дамыған мұғалім мәртебесін көтеретін ерекше тұлғаны анықтау.Шара 4 кезеңнен тұрды

І  кезең  «Мен қазіргі заман педагогімін» тақырыбында     эссе жазу сырттай бағаланды.

ІІ  кезең Жұмыс жүйесінің моделі   «Менің педагогикалық кредом»  кезеңінде мұғалімдер өз нәтижелері мен жетістіктерін көрсете отырып, өздерін таныстырды

IІI  кезең  Импровизациялық тапсырма яғни мұғалімдер билет арқылы жағдаяттық  сұрақтарға жауап берді. 

V кезең  бойынша мұғалімнің сабақ өткізу шеберлігін анықтау мақсатында ықшам сабақтар өткізді

 Бұл байқаудың маңызы зор, өйткені, ол үздіктердің ішіндегі үздік педагогтің еңбегін тануға мүмкіндік береді. Байқау барысында мұғалімдер шығармашылық жағынан жан-жақты сынға түсіп, жаңа идеяларымен де бөлісті.Байқау қорытындысы бойынша Гран - приді  математика пәнінің мұғалімі Сарсембаева Айым Бейбитовна иеленді,  І орынға  технология пәнінің мұғалімі Худайбердиева Нигара Канжахуновна, ІІ орынға информатика  пәнінің  мұғалімі Касымова Асем Талгатқызы  және бастауыш  сынып мұғалімі Сулейменова Асем Сериковна, ІІІ орынға орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Кенченбаева Руфина Раифовна  және  бастауыш сынып мұғалімі Усманова Ляйла Сердалина және ағылшын    пәнінің мұғалімі Шаяхмет Аяулым иеленді. Сондай-ақ байқауға қатысқан басқа да ұстаздарымыз түрлі номинацияларға ие болды. Барлық жүлдегерлер мен қатысушылар дипломдармен және мектепішілік кәсіподақ ұйымы ұйымдастырған ақшалай және сыйлықтармен марапатталды. Ендігі кезекте осы байқауда орын алған гран при мен І орын алған ұстаздарымыз қалалық байқауда мектеп намысын қорғамақ. Ол ұстаздарымызға сәттілік  тілей отыра жеңімпаздарды  Құттықтаймыз!!!