"Әскери керуен" атты конференция
"Балалар жылы" аясында 2022 жылдың 14 қазан күні Талдықорған қаласы "#4 орта мектеп"КММ-нің 9-10 сынып ұлдарымен "Әскери керуен" атты конференция өтті. Мақсаты-жасөспірімдер арасында әскери патриоттық сезімді қалыптастыру және отансүйгіштік, ұлтжандылық, адамгершілік қасиеттерін дамыту. Конференцияға "Әскери керуен" жобасының жетекшісі Дархан Сұңғатұлы, АӘД пәні мұғалімі Т.С.Оханов, әлеуметтік маман Б.А.Калиева қатысты.