Масабаева Мейрамгуль Муратбековна
Мен, Масабаева Мейрамгуль Муратбековна, 1974 жылы 9 қарашада Талдықорған облысы, Ақсу ауданы, Жансүгіров ауылында дүниеге келдім. Ұлтым-қазақ.
Әкем Масабаева Муратбек пенсионер, шешем Ахметова Алтынай пенсионер.
1991 жылы Ақсу ауылындағы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебін бітірдім. Сол жылы Жамбыл қаласындағы Жамбыл технологиялық институтына түстім. 2000 жылы Тараз қаласындағы «Әулие Ата» Университетіне «педагогика және бастауыш сынып методикасы» атты факультетке түстім. 2000 жылы Тараз қаласындағы Бауыржан Момышұлы атындағы №45 гимназияға бастауыш сынып мұғалімі болып жұмысқа тұрдым.2002 жылы Тараз қаласындағы №43 орта мектепке бастауыш сынып мұғалімі болып ауыстым. 2000 жылы бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған жинақтарым жарық көрді. Олар:
«1-4 сыныптар үшін бақылау жұмысының жинағы»
«1-4 сыныптар үшін мазмұндамалар жинағы»
«1-4 сыныптар үшін диктанттар жинағы»
«1-4 сыныптар үшін көшіріп жазуға арналған мәтіндер жинағы»
«1-2 сыныптар математикадан логикалық тапсырмалар жинағы»
«3-4 сыныптар математикадан логикалық тапсырмалар жинағы»
2008 жылғы 1 қыркүйекте Талдықорған қаласы №25 орта мектепке бастауыш сынып мұғалімі болып жұмысқа тұрдым. 2009 жылы 2 ақпаннан бастап Талдықорған қаласы №4 орта мектепте бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс жасап келемін.2024 жылы 9 қыркүйектен бастап осы аталған мектепте директордың ғылыми- әдістемелік орынбасары қызметін атқарудамын.
Санатым жоғары, педагог-зерттеуші.