Оқушыларға » Страница 2 » №4 орта мектеп. Талдықорған
"Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі"мемлекеттік мекемесінің
"№4 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 24-66-74
Есепші бөлімі:
+7(7282) 24-66-74
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Жол-көлік оқиғаларының»  алдын алу мақсатында 1-5 сынып оқушыларымен жол қауіпсіздігі туралы ақпараттық-түсіндірме жұмысы
05
май
2023
«Жол-көлік оқиғаларының» алдын алу мақсатында 1-5 сынып оқушыларымен
2023 жылдың 5 мамыр күні  "№4 орта мектеп" КММ-де Талдықорған ҚПБ ЖПҚБ ЮПТ аға учаскелік инспекторы А.Куралева әкімшілікпен бірлесе отырып, «Жол-көлік оқиғаларының» алдын алу және алдын алу мақсатында 1-5 сынып оқушыларымен жол қауіпсіздігі туралы ақпараттық-түсіндірме жұмысы өткізілді. Мақсаты – балаларды жолда өзін-өзі ұстау мәдениетіне, жол қозғалысы жағдайында бағдарлауға үйрету. Жол ережесін сақтаңыз.
1 мамыр- Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған фестиваль
28
апрель
2023
1 мамыр- Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған фестиваль
"Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" ММ "4 орта мектеп КММ-нің 1 "А" және 2 "Ә" сынып оқушылары арасында 1 мамыр- Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған фестиваль өтті.  Мақсаты  - Қазақстан Республикасындағы халықтардың ынтымақтастықпен, бірлікпен, достықпен өмір сүріп келе жатқандығын және оны үлгі етіп, әр халықтың салт-дәстүрін, тарихын, өнерін , туған тілін дәріптеу. Қазақстандық патриотизмге, елін,жерін сүюге, оны құрметтеуге тәрбиелеу. 
"Бейбітшілік  - ел тілегі" атты фестиваль
28
апрель
2023
"Бейбітшілік - ел тілегі" атты фестиваль
2023 жылдың 28 мамыр күні "Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" ММ "4 орта мектеп" КММ-де 1 мамыр -Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай "Бейбітшілік  - ел тілегі" атты фестиваль өтті.  Мақсаты  - оқушыларға  Қазақстан Республикасының халықтар бірлігі, достығы күні екенін кеңінен түсіндіру және оларды ынтымақтыққа, бірлікке, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу.  
"Әкем, анам және мен" атты отбасылық эстафеталық жарыс
28
апрель
2023
"Әкем, анам және мен" атты отбасылық эстафеталық жарыс
1 мамыр -Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында "Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" ММ "4 орта мектеп" КММ-де 1 сынып оқушылары мен ата-аналары арасында "Әкем, анам және мен" атты отбасылық эстафеталық жарыс  ұйымдастырылды. Аталған іс-шараға ата-аналар да қатысып, белсенділік танытты.  Нәтижесінде "Мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік" атанған командалар марапатталып, жүлделі сыйлықтарға ие болды.
"Бірлігіміз жарасқан"
27
апрель
2023
"Бірлігіміз жарасқан"
2023 жылдың 27 сәуір күні "Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" ММ "4 орта мектеп" КММ-де 1 мамыр - Бірлік пен ынтымақ күніне орай "Бірлігіміз жарасқан" атты 1 "Ә" сыныбымен тәрбие сағаты өткізілді.  Мақсаты- оқушыларды   әр ұлттың тарихымен, салт-дәстүрімен, әдет-ғұрпымен таныстырып, білімдерін  кеңейтіп, оларды бірлікке, мейірімділікке, достыққа тәрбиелеу.  Бүгінгі  тәрбие сағатына ата-аналар да қатысып, белсенділік танытты.
ҚҰТТЫҚТАУ!!! Өрттен құтқару спорты бойынша
26
апрель
2023
ҚҰТТЫҚТАУ!!! Өрттен құтқару спорты бойынша
Жетісу облысы құрылғанына байланысты Талдықорған қаласының орта мектептері арасында өрттен құтқару спорты бойынша қалалық жарыста алғашқы медициналық көмек көрсету жұмыстарының үздігі номинациясымен ІІІ-ші орынды жеңіп алған № 4 орта мектеп марапатталса, өрт сөндірушінің жауынгерлік киімін кию байқауында ІІІ-ші орынды жеңіп алған Ковшов Анатолий, сурет байқауы бойынша І-ші орынды жеңіп алған Хангерей Амирлан және Ашихмина Амелия марапатталды.
«Нашақорлық – індет, оның алдын алу  - міндет» тақырыбында дәріс сабағы
19
апрель
2023
«Нашақорлық – індет, оның алдын алу - міндет» тақырыбында дәріс
2023 жылдың 19 сәуір күні «№4 орта мектеп» КММ-де мектеп әкімшілігінің ұйымдастыруымен 11 сынып оқушыларымен «Нашақорлық – індет, оның алдын алу  - міндет» тақырыбында дәріс сабағы өткізілді.  Салауатты өмір салтын ұстану мақсатында  қалалық емханадан келген терапевт Смагулова Жупар Егеубаевна, , облыстық СӨС және психикалық орталығының маманы Татьяна Ивановна Чевченко "Нашақорлық, электронды темекі , алгоколизм туралы" кеңінен түсіндіріп, оқушылардың қойған сұрақтарына жауап беріп, оларға
Ғали Ормановтың ескерткішіне 5 сынып оқушылары келіп тағзым ету
19
апрель
2023
Ғали Ормановтың ескерткішіне 5 сынып оқушылары келіп тағзым ету
18 сәуір - халықаралық ескерткіштер және тарихи  орындарды қорғау күніне орай   "Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" ММ "4 орта мектеп КММ-нің мектеп әкімшілігінің ұйымдастыруымен  қазақ поэзиясының қалыптасуына үлес қосқан ақынның бірі Ғали Ормановтың ескерткішіне 5 сынып оқушылары келіп тағзым етіп, ақынның шығармаларын оқып, өз өнерлерін көрсетті. Мақсаты  - оқушыларға ақынның өмірі мен шығармаларын насихаттау, өз елін, ұлтын, салт-дәстүрін құрметтейтін
«Ғали Ормановтың  нұрлы әлемі»  атты кітап көрмесі
18
апрель
2023
«Ғали Ормановтың нұрлы әлемі» атты кітап көрмесі
2023 жылдың  18 сәуір күні "Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" ММ "4 орта мектеп" КММ-де  мектеп әкімшілігінің ұйымдастыруымен 18 сәуір – халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күніне орай мектеп кітапханасы  «Ғали Ормановтың  нұрлы әлемі»  атты кітап көрмесін  өткізілді.Мақсаты:  Қазақ әдебиеті мен халық жүрегіндегі орнын қатар тауып,  халықтың байсалды жыршысы, ақыны, аудармашы  Ғали Ормановтың шығармашылығын таныстыру. 
ҚҰТТЫҚТАУ!!! «Туған өлке табиғаты» бағыт
17
апрель
2023
ҚҰТТЫҚТАУ!!! «Туған өлке табиғаты» бағыт
« Жетісу дарыны» облыстық дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау оқу-әдістемелік орталығы  ұйымдастыруымен 5-8 сынып оқушылары арасында   өткен «ProEco» экологиялық жобалар конкурсының облыстық кезеңінде «Туған өлке табиғаты» бағыты бойынша 2 орын алған 8 Ә сынып оқушысы Мақабыл Аяулымды және жетекшісі география пәні мұғалімі Қыстаубаева Құралай Мақсымовнаны құттықтаймыз!