"Дұрыс тамақтану - денсаулық кепілі" оқушылармен өткізілген жиналыс » №4 орта мектеп. Талдықорған
"Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі"мемлекеттік мекемесінің
"№4 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 24-66-74
Есепші бөлімі:
+7(7282) 24-66-74
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Дұрыс тамақтану - денсаулық кепілі" оқушылармен өткізілген жиналыс
09
ноябрь
2022

"Дұрыс тамақтану - денсаулық кепілі" оқушылармен өткізілген жиналыс

«Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» ММ-нің «№4 орта мектеп» КММ-де өткізілген жиналыс хаттамасы


Тақырыбы: «Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі»

Қатысқандар: 7-10 сынып

Өткізілген күні: 09.11.2022ж

Өткізілген орны: «№4 орта мектеп» КММ мәжіліс залы

Күн тәртібінде:

Жиналысты директордың ОТІЖО Бектасова Э.К. мен мектеп медбикесі Сарманбетова А.А. өткізді. Жиналыста оқушыларға «Дұрыс тамақтану» атты тақырыбында әңгіме жүргізілді. Адамзат денсаулығын сақтаудың басты шарты-дұрыс тамақтану. Сондықтан тамақтануға ерекше көңіл бөлген жөн. Тамақ құрамының құндылығы басты назарда болғаны дұрыс. Тиімді, дұрыс тамақтану денсаулықты сақтауға, организмнің қалыпты өсуі мен дамуына, жұмыс қабілетінің жоғарлауына, қоршаған ортаның әртүрлі жағымсыз әсеріне қарсылығын күшейтуге ықпалын тигізді.

Дұрыс тамақтану ережелері:

-тамақты үстелдің басында отырып қабылдау керек. Егер тамаққа зейін салмағын жағдайда, адам тойғанын білмей қалып артығымен тамақтанады.

-тамақты асықпай, мұқият шайнап, тамақтану режимін сақтап жеу керек.

Тамақты жиі және аз мөлшерде күніне 5 рет қабылдаған жөн.

-таңертеңгі асты мұқият қабылдау. Егер организм 10-12 сағат тамақ қабылдамаса, онда организмдегі қант азайып кетеді.

Дұрыс тамақтанғанда тағамның құрамында қоректі заттар болуы тиіс. Тамақтың құрамында дәрумендер болуы тиіс. Тағамдар санитарлық-гигиена талаптарына сәйкес болуы керек.

Ас адамның арқауы. Ас ішу біздің жасушаларымыз бен тіндерімізді жаңартуға мүмкіндік береді. Тамақтану адамның өмірлік қажеттігі және денсаулық кепілі. Дұрыс тамақтану-жүрек қантамыр, асқазан ішек жолдары, қант диабеті, онкологиялық аурулардың алдын алу үшін, белсенді ұзақ өмір сүру үшін.

Әңгіме қызықты өтті. Оқушылар көптеген пайдалы ақпарат алды. Өздерін мазалап жүрген сұрақтарын қойып, оқушылар арасында сұрақ-жауап болды.

drys-tamatanu-prezentacija.pdf [1,16 Mb] (cкачиваний: 4)
Посмотреть онлайн файл: drys-tamatanu-prezentacija.pdf