Ата-аналар жиналысы: Балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру » №4 орта мектеп. Талдықорған
"Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі"мемлекеттік мекемесінің
"№4 орта мектеп"
Education Department of Shu district
Reception room :
+7(7282) 24-66-74
bookkeeping:
+7(7282) 24-66-74
Version for
visually impaired
» » Ата-аналар жиналысы: Балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру
20
April
2023

Ата-аналар жиналысы: Балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру

"Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" ММ "№4 орта мектеп" КММ-де 2023 жылдың 20 сәуір күні мектеп әкімшілігінің ұйымдастыруымен балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру мақсатында ата-аналар жиналысы өткізілді.

Күн тәртібінде:

1. Кіріспе сөз
2. Жазғы демалыс-сауықтыру лагері туралы.
3. "Памятка для родителей по безопасности детей в летний период"
1. Тыңдалды: Кіріспе сөз 
Сөйледі: мектеп директоры Байгенженова Алтыншаш Арысбаевна балалардың демалысын ұйымдастыру қашанда маңызды мəселенің бірі болып саналатынын, жыл сайын демалыс уақытында балалар мен жасөспірімдердің толық демалуларына, шығармашылық және қоғамдық белсенділігін арттыруға, денінің саулығын арттыруға жағдай жасау мақсатында оқушылар үшін қала сыртындағы және мектеп жанындағы жазғы алаңдардың ауысымдары ашылатынын хабарлады.
2. Тыңдалды: Жазғы демалыс-сауықтыру лагері туралы
Сөйледі: әлеуметтік педагог Өтебаева Алина Асқарқызы. Жазғы лагерь – бұл тек демалатын жер емес, әр түрлі жарыстарға қатысып, баланың ашылMay жүрген талантын, белгілі бір қабілетін ашатын орын екендігін, сонымен қоса жазғы сауықтыру лагерьлерінде балалар топпен жұмыс істеуге, көпшіліктің ортасында өзін көрсетуге бейімделетінін айтты.
Сонымен қатар 2023 жылғы жаз маусымында қала сыртындағы жазғы лагерьге мектеп оқушыларына тегін жолдама алу мүмкіндіктері және оған өткізілетін құжаттардың тізімі ата-аналарға таныстырылды.  "Мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі білім алушылар мен тәрбиенушілердің жекелеген санаттарына қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары (Білім және Ғылым министрінің №158 бұйрығының 11-қосымшасы) таныстырылды.
3. Тыңдалды: "Памятка для родителей по безопасности детей в летний период
Сөйледі: педагог-психолог Кылышбаева Марал Имангельдиевна жаз уақыттарында балалардың қауіпсіздігі бойынша ата-аналарға ұсыныстар ұсынды. Педагог-психолог жаз уақыттарында кездесуі мүмкін әртүрлі жағдайларды түсіндіріп өтті, жаяу жүргіншілердің жолда жүру ережесі бойынша, табиғатқа, жазғы серуенге, экскурсияға шыққан уақыттағы қауіпсіздік, қоғамдық орындарда және көшеде өзін ұстау мен қауіпсіздікті сақтау бойынша, үйдегі электрқұрылғылары мен өзге де тұрмыстық заттармен жұмыс істеу барысында туындайтын қауіп туралы жан-жақты түсіндіріп, жадынама ұсынды.
Сөз соңында, Марал Имангельдиевна бала ең бірінші кезекте ата-анасынан үлгі алатынын, соның мысалының негізінде баланың көшеде және үйдегі мінез-құлқы, тәртібі қалыптасатынын жеткізді. Сондықтан да балаларды жазатайым оқиғалардан қорғау үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға тырысу қажеттілігінің маңызын айтты.

Шешімі: 

1. Балалардың жазғы демалыс уақытында барлық қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша ата-аналар тарапынан қадағалансын
2. Қала сыртындағы жазғы сауықтыру лагеріне баратын оқушылардың ата-аналары тиісті құжаттарды әлеуметтік педагог А.А. Өтебаеваға өткізсін