"Бастауыш сыныпта сыни ойлауды дамытуға бағытталған жағдаяттық тапсырмаларды қолдану" тақырыбында қалалық семинар » №4 орта мектеп. Талдықорған
"Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі"мемлекеттік мекемесінің
"№4 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 24-66-74
Есепші бөлімі:
+7(7282) 24-66-74
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Бастауыш сыныпта сыни ойлауды дамытуға бағытталған жағдаяттық тапсырмаларды қолдану" тақырыбында қалалық семинар
26
май
2022

"Бастауыш сыныпта сыни ойлауды дамытуға бағытталған жағдаяттық тапсырмаларды қолдану" тақырыбында қалалық семинар

2022 жылы 26 мамыр күні арнайы мамандардың ассоциациясының жұмыс жоспарына сәйкес Талдықорған қаласының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен № 4 орта мектеп базасында қашықтықтан "Бастауыш сыныпта сыни ойлауды дамытуға бағытталған  жағдаяттық  тапсырмаларды қолдану" тақырыбында қалалық семинар өтті.№4 орта мектеп тарапынан іс-шараны жүргізуге жауапты директордың бастауыш сыныптар жөнінде оқу ісі орынбасары Бектасова Эльмира Кабдолдановна және қала бойынша бастауыш сыныптар ассоциациясы мүшесі №4 орта мектеп бастауыш сынып мұғалімі Масабаева Мейрамгуль Муратбековна.Семинар мақсаты: Бастауыш сыныпта сыни ойлауды дамытуға бағытталған  жағдаяттық  тапсырмаларды қолдану мүмкіндіктерін көрсете отырып іс-тәжірибе бөлісу.
 Семинарға №4 орта мектептің арнайы мамандары :мектеп педагог-психологы Байденов Жансерік Маратұлы,бастауыш сынып мұғалімі Тлесова Нұргүл Ерболатовна және №22 орта мектеп бастауыш сынып мұғалімі Мамбеталиева Айгерім Рашитқызы,№23 орта мектеп бастауыш сынып мұғалімі Ергалиева Динара Ашимгумаровна өз іс-тәжірибелерімен бөлісіп,жұмыстарын көрсетті.Семинарға қала мектептерінен 90 педагог қатысты.