"Мен оқуға құштармын" атты "Буккросинг" » №4 орта мектеп. Талдықорған
"Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі"мемлекеттік мекемесінің
"№4 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 24-66-74
Есепші бөлімі:
+7(7282) 24-66-74
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Мен оқуға құштармын" атты "Буккросинг"
09
декабрь
2022

"Мен оқуға құштармын" атты "Буккросинг"

"Балалар жылына" орай "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында бүгін "Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім" ММ "4 орта мектеп" КММ-нің бастауыш сынып мұғалімдері Н.Т.Жаутикова мен С.К.Сыдыкованың ұйымдастыруымен "Мен оқуға құштармын" атты "Буккросинг" өтті.  Мақсаты- оқушылардың білімдерін шыңдап,  кітап оқу қабілеттерін арттыру.  Аталған іс-шараға Жетісулық ақын, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, Жетісу облысы әкімі аппаратында облыс әкімінің бас инспекторы Қасына Гулбақыт Тоқтамқызы  қонақ ретінде қатысты.  Гулбақыт Тоқтамқызы оқушыларға төл туындыларынан жыр арнап, кітаптарын сыйға тартты. Мектеп кітапханасы өз өнерлерін көрсеткен оқушыларға сыйға кітаптар берді. 1 "А" және 2 "Ә" сынып оқушылары  да мектеп кітапханасын кітаптар сыйға тартты.