«Хан Тәңірдің мұзбалағы – Мұқағали» атты әдеби-сазды кездесу кеші » №4 орта мектеп. Талдықорған
"Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі"мемлекеттік мекемесінің
"№4 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 24-66-74
Есепші бөлімі:
+7(7282) 24-66-74
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Хан Тәңірдің мұзбалағы – Мұқағали» атты әдеби-сазды кездесу кеші
02
февраль
2023

«Хан Тәңірдің мұзбалағы – Мұқағали» атты әдеби-сазды кездесу кеші

2023 жылдың 2 ақпан күні "Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" ММ «№4  орта мектеп» КММ-нде Ақиық ақын, тау тұлғалы талант, дарынды дарабоз, «Ғасыр ақыны» атанған, миллион сырлы сезімнің иесі – Мұқағали Мақатаевтың   туған күні қарсаңына  орай мектебіміздің  кітапханашысы Айгүл Долдашқызы  мен қазақ тілі пәні бірлестігі ұстаздарының ұйымдастыруымен «Хан Тәңірдің мұзбалағы – Мұқағали» атты  әдеби-сазды, әрі кездесу кешін өткізді.  Айгүл  Долдашқызы жыр сүйер  қауымға ақын  шығармашылығы туралы айтып,кештің  қонағымен  таныстырды. Кеш қонағы Қарасаз ауылының тумасы, әрі Мұқағали ақынды бала кезінде көрген І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің оқытушы- әдіскері, педагогика және психология ғылымының магистрі Сәрсенбаев Берік Бектұрсынұлы мектеп оқушыларына ақын жайлы естеліктерін айтып, өлеңдерін оқып берді. Қолына  домбырасын  алып, ақын әндерін де  орындады. Мектеп  оқушыларының  сұрақтарына жауап  беріп, қызықты сәттерін еске алып айтты.Сонымен  қатар мектеп  оқушылары ақын жырларын  жатқа оқып, әндерін де  шырқап  берді. Кеш қонағына  мектеп директоры Байгенженова Алтыншаш Арысбаевна өз алғысын білдіріп, сый құрмет  көрсетті.