"Ауғанның асуында от кешкендер" атты ардагерлеріміз бен 8-10 сынып оқушылары арасында кездесу кеші » №4 орта мектеп. Талдықорған
"Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі"мемлекеттік мекемесінің
"№4 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 24-66-74
Есепші бөлімі:
+7(7282) 24-66-74
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Ауғанның асуында от кешкендер" атты ардагерлеріміз бен 8-10 сынып оқушылары арасында кездесу кеші
10
февраль
2023

"Ауғанның асуында от кешкендер" атты ардагерлеріміз бен 8-10 сынып оқушылары арасында кездесу кеші

2023 жылдың  10 ақпан күні "Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" ММ "4 орта мектеп" КММ-де  мектеп әкімшілігінің ұйымдастыруымен Ауған Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 34 жыл толуына орай және "Ризашылық  - мейірімділік бұлағы" атты іс-шара негізінде  "Ауғанның асуында от кешкендер" атты Ардагерлеріміз бен 8-10 сынып оқушылары арасында тамаша  кездесу кеш өткізілді. Бүгінгі кездесу кештің мақсаты - оқушылардың бойында ержүрек, батылдық, қайсарлық қасиеттерін дамытып, болашақта елін, жерін, Отанын қорғайтын патриотты азамат болуға тәрбиелеу.    Кездесуге Ауған соғысы ардагерлері Даулетов  Мирамбай Айдынұлы, Жакупов Сағадат Наурызбайұлы, Ишанбаев Аділхан   қонаққа келді. Ардагер ағаларымыз Ауған соғысы кезіндегі қызықты оқиғаларымен және  тәрбиелік мәні естеліктерімен бөлісті. Мектебіміздің өнерлі оқушыларымыздың  дайындаған концертін көріп, көріністерін тамашалады. Ардагер, батыр ағаларымыз бен оқушылар арасында керемет ойындар ойналып, сұхбат жүргізілді.  Кеш соңында Ардагер ағаларымызға мектеп ұжымы атынан Алғыс білдіріліп, арнайы сыйлықтар табысталды.