"Қара майор" » №4 орта мектеп. Талдықорған
"Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі"мемлекеттік мекемесінің
"№4 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 24-66-74
Есепші бөлімі:
+7(7282) 24-66-74
Нашар көрушілер
нұсқасы
10
февраль
2024

"Қара майор"

2024 жылдың 10-11 ақпан күндері Талдықорған қаласының #7 және #9 орта мектептерінде Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылуына 35 жыл толуына орай және Ауған соғысының батыры "Қара майор" Керімбаев Борис Төкенұлын еске алуға арналған волейболдан қалалық мектеп мұғалімдері командалары арасында қалалық турнир өтті.

Жыл сайын өтетін турнирге 18 мектеп командалары және 1 Ауған соғысының ардагерінің командасы, жалпы 200-ден астам спортшылар қатысты.

Талдықорған қаласының әкімдігінің және қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткен жарыстың қорытындысы:
1 орын-# 4 ОМ
2 орын-# 11 ОМ
3 орын-# 8 ОМ

Турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлері қалалық мәдениет және спорт бөлімінің дипломдары, кубоктары, медальдары, бағалы сыйлықтарымен және Ауған соғысы ардагерлерінің ақшалай жүлделерімен марапатталды.