«Заманауи сабақ-педагогтің кәсіби өсуінің көрсеткіші» тақырыбында қалалық үздік сабақтар фестивалі » №4 орта мектеп. Талдықорған
"Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі"мемлекеттік мекемесінің
"№4 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 24-66-74
Есепші бөлімі:
+7(7282) 24-66-74
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Заманауи сабақ-педагогтің кәсіби өсуінің көрсеткіші» тақырыбында қалалық үздік сабақтар фестивалі
11
апрель
2023

«Заманауи сабақ-педагогтің кәсіби өсуінің көрсеткіші» тақырыбында қалалық үздік сабақтар фестивалі

11.04.2023 ж Талдықорған қаласының № 2 орта мектеп базасында ҚББ ұйымдастыруымен мектепке дейінгі, жалпы орта білім беру ұйымдарының педагогтеріне   арналған «Заманауи сабақ-педагогтің кәсіби өсуінің көрсеткіші» тақырыбында қалалық үздік сабақтар фестивалі өтті. 

        Аталған іс-шараның мақсаты:  білім беру саласындағы  талантты, шығармашылықпен жұмыс істейтін, кәсіби білікті педагогтерді анықтау, қолдау және мадақтау.  Фестивальдің міндеттері:

    - Педагогтердің сабақ берудегі біліктілігі мен тәжірибесін сараптау;

    -Оқу сапасын, білім алушылардың оқып қызығушылығын арттыру мақсатын көрсете алатын педагогтердің озық тәжірибесін тарату;

    -Қатысушылардың кәсіптік шеберлігінің өсуіне ықпал ету;

    -Педагог мамандардың кәсіптік қарым-қатынас жасауына   және шығармашылық жаңалықтармен, идеялармен тәжірибе алмасуына ықпал ету;

    -Педагогтардың мәртебесін көтеру;

     -Фестивальға ұсынылған жұмыстарды саралап, бағалау мақсатында эксперттік топ құрылады.



Фестивальға № 4 орта мектеп атынан информатика пәні мұғалімі Касымова Асем Талғатқызы қатысты.  Ұстаз 15 минуттық  ықшам сабағында  өз кәсіби шеберлігінің практикалық деңгейін, әдістемелік тұрғыдан шеберлігін, өз сабағын жоспарлау, инновациялық білім беру  технологияларды меңгеру деңгейін көрсете отырып, жүлделі екінші орынға ие болды.