Материалы за 18.12.2025 » №4 орта мектеп. Талдықорған
"Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі"мемлекеттік мекемесінің
"№4 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 24-66-74
Есепші бөлімі:
+7(7282) 24-66-74
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за 18.12.2025
Жыл үздігі – 2025!
18
декабрь
2025
Жыл үздігі – 2025!
🏆 Жыл үздігі – 2025! Мектебіміздің 11 "Ә" сынып оқушысы Асыл Еркежан Жетісу облысы әкімінің ұйымдастыруымен өткен «Жыл үздігі – 2025» спорт саласының үздіктерін марапаттау рәсіміне қатысып, Азия чемпионы ретінде ерекше танылып, облыс мақтанышына айналды! 🎉 Еркежан облыс әкімінен 120 000 теңгелік сертификат пен Алғыс хат алып, мектебіміздің абыройын асырды. 🔹 Жетістігіңмен мақтанамыз! 🔹 Әрдайым жеңістен көріне бер! #ЖылҮздігі2025 #Мақтанышымыз #АзияЧемпионы #АсылЕркежан #ЖетісуЖастары
Туған күнін Тәуелсіздікпен бірге тойлаған жас патриот!
18
декабрь
2025
Туған күнін Тәуелсіздікпен бірге тойлаған жас патриот!
Туған күнін Тәуелсіздікпен бірге тойлаған жас патриот! 🇰🇿 3 «Ә» сынып оқушысы Алимамет Асад өз туған күнін ерекше форматта атап өтті. Оқушы елінің Тәуелсіздік күнімен тұспа-тұс келген қуанышты сәтін жүрекжарды өлең жолдарымен айшықтап, туған жеріне деген сүйіспеншілігін білдірді. ✨ Жас ұрпақтың елге деген махаббаты мен патриоттық сезімі осындай игі істермен көрініс табады. Асадтың шығармашылығына шабыт пен табыс тілейміз! #ТәуелсіздікКүні #ЖасПатриот #ОқушыШығармашылығы #БіздіңМақтанышымыз
Қуанышты жаңалық! 🎉
18
декабрь
2025
Қуанышты жаңалық! 🎉
Қуанышты жаңалық! 🎉 «Батырлар институты: ұлттық рух пен құндылықтар сабақтастығы» атты Қалалық ғылыми-тәжірибелік конференцияда мектебіміздің тарих пәнінің мұғалімі Исабекова Эльвира Сайлаубаевна жоғары деңгейде баяндама жасап, жүлделі II орынға ие болды! 🏆 🔹 Ұлттық тарихты дәріптеу, жас ұрпаққа батырлық рух пен құндылықтарды сіңіру жолындағы еңбегіңізге алғыс білдіреміз. 🔹 Жетістіктеріңіз – өзгелерге үлгі, мектебіміздің мәртебесі! Құттықтаймыз! Шығармашылық табыс, кәсіби биіктер тілейміз!
Семинар – ЖИ сабақта қолдану
18
декабрь
2025
Семинар – ЖИ сабақта қолдану
Семинар – ЖИ сабақта қолдану Бүгін мектебімізде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ибраимова Жібек Мұхтарқызының ұйымдастыруымен «Жасанды интеллектті сабақта тиімді қолдану» тақырыбында мазмұнды семинар өтті. Семинарда ChatGPT, Gemini, Picsverse, Gamma, LearningApps.org секілді заманауи ЖИ құралдарын оқу үдерісінде пайдалану жолдары нақты мысалдармен көрсетілді. 🔹 ЖИ-ді тапсырма дайындауға, контент құруға, оқушылардың шығармашылығын дамытуға бағыттап қолдану жолдары қарастырылды. 🔹
Мектебіміздің 9–11 сынып ұлдар командасы Мектеп лигасы аясында баскетболдан өткен жарыста жүлделі III орын иеленді!
18
декабрь
2025
Мектебіміздің 9–11 сынып ұлдар командасы Мектеп лигасы аясында
🎉 Құттықтаймыз! Мектебіміздің 9–11 сынып ұлдар командасы Мектеп лигасы аясында баскетболдан өткен жарыста жүлделі III орын иеленді! 🏀🥉 💪 Оқушыларымыз өздерінің шеберлігі мен ұйымшылдығын көрсетіп, жоғары нәтиже көрсетті. 👏 Команданың жеңіске жетуіне үлес қосқан жетекшісі Жомартов Габит ұстазға алғысымызды білдіреміз! Жеңістеріңіз көп болсын! 🏆 #Жетістік #Баскетбол #МектепЛигасы #Жеңіс #ҰлдарКомандасы
Мектеп лигасы аясында 9-11 сынып оқушылары арасында өткен баскетбол жарысы
18
декабрь
2025
Мектеп лигасы аясында 9-11 сынып оқушылары арасында өткен баскетбол
🎉 Құттықтаймыз! 🎉 Мектеп лигасы аясында 9-11 сынып оқушылары арасында өткен баскетбол жарысында мектебіміздің командасы І орын иеленді! 🏆 Бұл – жаттықтырушы Бимұханов Бейбіттің кәсіби жетекшілігі мен оқушылардың ауызбіршілігінің, тынымсыз еңбегінің нәтижесі! 💪🏀 Жеңіс құтты болсын! Алдағы жарыстарда да сәттілік тілейміз! 👏👏
Ұстаздарымыз – білім биігінде!
18
декабрь
2025
Ұстаздарымыз – білім биігінде!
🏆 Ұстаздарымыз – білім биігінде! Мектебіміздің мұғалімдері мұғалімдер арасындағы пәндік олимпиадаға қатысып, жоғары нәтижеге қол жеткізді. Жеңімпаз ұстаздарды шын жүректен құттықтаймыз! 📘 Касымова Жазира Самалбековна – орыс тілі мен әдебиеті пәні, жүлделі ІІ орын 📗 Ибраимова Жібек Мұхтаровна – қазақ тілі мен әдебиеті пәні, жүлделі ІІІ орын 📘 Абдуллина Гульнара Шукратовна – ағылшын тілі пәні, жүлделі ІІІ орын 🧪 Алдабергенова Арайлым Асқарқызы – химия пәні, жүлделі ІІ орын 🧬 Рамазанова Әсел