Әдістемелік жинақтың тұсаукесері өтті!
📚 Әдістемелік жинақтың тұсаукесері өтті! Бүгін мектебімізде «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Алматы облысы бойынша кәсіби даму институты – Жетісу өкілдігінің ұсынуымен "Заманауи білім берудегі тренд: білім алушылардың оқу мотивациясын арттырудағы педагог шеберлігі" атты әдістемелік жинақтың тұсаукесері өтті. 🔹 Іс-шара барысында тәжірибесімен бөлісіп, озық тәжірибелерімен әдістемелік жинаққа енген 24 ұстазымызды мектеп директоры Байгенженова Алтыншаш Арысбаевна арнайы құттықтап, жинақты табыстады. ✨