«ХХ ғасырдың 20–30 жылдарындағы қазақ өнерінің дамуы»
Тарих және құқық әдістемелік бірлестігінің онкүндігі аясында тарих пәнінің мұғалімі Айдарова Назым Айдарова 8 «Д» сыныбында «ХХ ғасырдың 20–30 жылдарындағы қазақ өнерінің дамуы» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың зерттеу сұрағы: «Қазақ өнерінің жаңа даму кезеңін не дәлелдейді?» Сабақ барысында мұғалім оқу мақсаттарына сәйкес мазмұнды тапсырмалар ұсынды. Оқушылар қазақ өнеріндегі өзгерістерді анықтап, жаңашылдықтарды талдап, олардың қоғамға әсерін түсіндіруге бағытталған жұмыстар орындады.