23
январь
2026
"Жетісу ақындары жырлайды "
Бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінің онкүндігі аясында бастауыш сынып ұстаздары Жаутикова Н.Т,Сыдыкова С.К, Ибраимова Ғ.З,Тогурекова С.А
ұйымдастыруымен "Жетісу ақындары жырлайды "атты тақырыпта Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, Халықаралық "ТҮРКСОЙ"жазушылар одағының мүшесі ақын Қасен Гүлбақыт Тоқтанқызымен бастауыш сынып оқушыларымен диалог алаңында кездесу өтті.
Мақсаты:Оқушыларды Жетісу өңірі ақындық мұрасымен таныстыру,қазіргі заман ақынының шығармашылығын насихаттау,әдебиетке деген қызығушылықтарын арттыру.
Оқушылар ақынды жылы лебізбен қарсы алды. Кездесу барысында ақынның шығармашылығы,поэзиядағы өлең шумақтары таныстырылды.Оқушылар ақынның таңдаулы өлеңдерін мәнерлеп оқыды.Диалог алаңында оқушылар ақынмен сұхбатқа түсіп,жүрекжарды сұрақтарын қойып,еркін пікір алмасты.Ақын Гүлбақыт Тоқтанқызы оқушыларға арнап өз тілегін айтып,өлең, өмірлік ой-толғамымен бөлісті.Кездесу оқушыларға үлкен әсер қалдырды.Кездесуді ұйымдастырған бастауыш сынып ұстаздарына үлкен алғысымызды білдіреміз. Балалардың бойында поэзия әлеміне және әдебиетке деген қызығушылықтар ұялап,жоғары сезімде болды.