03
февраль
2026
«Неметаллы и металлы»
Жаратылыстану әдістемелік бірлестігінің онкүндігі аясында химия пәні мұғалімі Чувасова Светлана Маратовна «Неметаллы и металлы» тақырыбында панорамалық сабақ өткізді.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға металдар мен бейметалдардың негізгі қасиеттері, айырмашылықтары мен ұқсастықтары туралы білім беру; Химиялық элементтерді салыстыру, талдау және жіктеу дағдыларын дамыту.
Сабақтың барысы: Сабақ интерактивті және заманауи әдіс-тәсілдер арқылы ұйымдастырылды. Сабақтың кіріспе бөлімінде тақырыпқа байланысты YouTube платформасынан бейнеролик көрсетіліп, оқушылардың қызығушылығы оятылды. Негізгі бөлімде: Wordwall платформасы арқылы интерактивті тапсырмалар орындалды;
“Қатені тап” стратегиясы арқылы оқушылар теориялық білімдерін бекітті;
«Химиялық лото» ойыны оқушылардың белсенділігін арттырды;
“Қара жәшік” әдісі арқылы оқушылар логикалық ойлау қабілеттерін дамытып, жасырын заттарды қасиеттері бойынша анықтады.
Сабақ барысында жұптық және топтық жұмыстар ұйымдастырылып, оқушылар өз ойларын еркін жеткізе алды.
Сабақтың нәтижесі:
Оқушылар металдар мен бейметалдардың қасиеттерін ажырата алды;
Химиялық элементтерді салыстыру және талдау дағдылары қалыптасты;
Оқушылар өз білімдерін тәжірибе жүзінде қолдана білді және белсенділік танытты.