23
февраль
2026
🏃♂️ «Қозғалыс – өмір сәні» атты онкүндіктің ашылуы 🏃♀️

Мектебімізде дене шынықтыру пәні әдістемелік бірлестігінің «Қозғалыс – өмір сәні» атты онкүндігінің салтанатты ашылуы өтті.
Ашылу барысында дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері оқушылар мен ұстаздарға арнап түрлі қызықты ойындар, эстафеталар және спорттық жарыстар ұйымдастырды. Іс-шараға қатысушылар белсенділік танытып, көтеріңкі көңіл күймен спорттық сайыстарға қатысты.
Бұл шараның басты мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, спортқа деген қызығушылықты арттыру және мектеп ұжымының бірлігін нығайту. 💪
Алдағы күндері онкүндік аясында түрлі спорттық жарыстар мен қызықты іс-шаралар жалғасын табады.