24
февраль
2026
«Көңілді сөре»
Дене шынықтыру әдістемелік бірлестігінің онкүндігі аясында дене шынықтыру пәні мұғалімдері Кусаинов С.М. пен Табрик Ж. 1-сынып оқушыларымен «Көңілді сөре» атты жарыс сабағын өткізді 🏃♂️🏃♀️
Сабақ өте қызықты әрі тартымды форматта ұйымдастырылды. Оқушылар 4 командаға бөлініп, өзара жарысқа түсті. Әр кезең сайын командалардың жетістіктері атап өтіліп, оқушылардың белсенділігі мен ептілігі мадақталып отырды.
Кішкентай спортшылар ерекше ынта танытып, ұйымшылдық пен жылдамдықтарын көрсете білді. Әсіресе, арқан тартыс кезеңі оқушыларға ерекше көңіл-күй сыйлап, үлкен қызығушылық тудырды 💪
Сабақ барысында балалардың спортқа деген сүйіспеншілігі артып, командалық рухы нығая түсті. Осындай мазмұнды іс-шаралар жас ұрпақты салауатты өмір салтына баулуға зор ықпал етеді.