25
февраль
2026
«Командалық ойындар. Волейбол. Допты жоғарыдан және төменнен қабылдау»
Дене шынықтыру әдістемелік бірлестігінің онкүндігі аясында дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Абишев Марат «Командалық ойындар. Волейбол. Допты жоғарыдан және төменнен қабылдау» тақырыбында ашық сабақ өткізді 🏐
Сабақтың негізгі мақсаты – оқушыларға волейбол ойынының әдіс-тәсілдерін үйрету, әсіресе допты жоғарыдан және төменнен дұрыс қабылдау дағдыларын қалыптастыру болды. Оқушылар жаттығулар барысында техникалық шеберліктерін шыңдап, бір-бірімен үйлесімді жұмыс жасауға дағдыланды.
Сабақ барысында командалық ойын элементтері қолданылып, оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығы артты. Әр тапсырма кезең-кезеңімен түсіндіріліп, тәжірибе жүзінде орындалды.
Нәтижесінде оқушылар волейбол ойынына деген қызығушылықтарын арттырып, командалық рух пен жауапкершілікті сезіне білді. Сабақ мазмұнды әрі әсерлі өтті. 💪