04
март
2026
«Спорттық ойын. Волейбол: Шабуылда ойнау тактикасы»
Дене шынықтыру әдістемелік бірлестігінің онкүндігі аясында дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, педагог-сарапшы Жанабаев Асхат Аутаханович 7 «А» сыныбында «Спорттық ойын. Волейбол: Шабуылда ойнау тактикасы» тақырыбында ашық сабақ өткізді. 🏐
Сабақ барысында мұғалім волейбол ойынындағы шабуылдау тәсілдерін, ойын тактикасын жан-жақты түсіндіріп, оқушыларға тиімді әдіс-тәсілдерді көрсетті. Теориялық бөлім практикалық жаттығулармен ұштастырылып, оқушылар доп беру, қабылдау және шабуыл жасау әрекеттерін жетілдірді.
Практикалық бөлімде оқушылар командалық ойын арқылы өз шеберліктерін шыңдап, ұйымшылдық пен жылдамдықтарын көрсете білді. Сабақ жоғары деңгейде өтіп, оқушылардың қызығушылығын арттырды