10
март
2026
«Сөйлем. Ас атасы – нан»
Бастауыш сынып мұғалімі Сыдыкова Сәуле Қабидолдаевна ана тілі пәнінен ашық сабақ өткізді.
Сабақтың тақырыбы: «Сөйлем. Ас атасы – нан»
Сабақтың мақсаты:
Оқушылар мәтінді түсініп оқып, сөйлемді бас әріптен бастап жазып, соңына тиісті тыныс белгісін қоя білуді үйренді. Сонымен қатар, оқушыларды нанды қастерлеуге, еңбекті бағалауға тәрбиелеу көзделді.
Сабақ барысында оқушылар өте белсенділік танытты. Тақтада берілген сөздерден сөйлем құрап, тиісті тыныс белгілерін дұрыс қоюды үйренді. Әр дұрыс жауап үшін мұғалім оқушыларды бидай сабақтарын беру арқылы бағалап, олардың қызығушылығын арттырды.
Сабақта оқушылар топтық және жұптық жұмыстарды сәтті орындап, өз білімдерін көрсетті. Сабақ мазмұнды, қызықты әрі тәрбиелік мәні жоғары деңгейде өтті.