«Шоқан Уәлиханов – алғашқы қазақ ғалымы» » №4 орта мектеп. Талдықорған
"Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі"мемлекеттік мекемесінің
"№4 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 24-66-74
Есепші бөлімі:
+7(7282) 24-66-74
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Шоқан Уәлиханов – алғашқы қазақ ғалымы»
15
апрель
2026

«Шоқан Уәлиханов – алғашқы қазақ ғалымы»

Тарих және құқық негіздері әдістемелік бірлестігінің онкүндігі аясында тарих пәнінің мұғалімі, жас маман Асқар Ержан Ұланұлы 7 «Б» сыныбында Қазақстан тарихы пәнінен «Шоқан Уәлиханов – алғашқы қазақ ғалымы» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақтың зерттеу сұрағы: Неге С. Мұқанов Шоқан Уәлихановқа арналған шығармасын «Аққан жұлдыз» деп атады?
Сабақ барысында оқу мақсаттары нақты айқындалып, күтілетін нәтижелермен үйлесімді құрылды. Сабақ кезеңдері жүйелі әрі логикалық ретпен ұйымдастырылды. Мұғалім оқушылардың белсенділігін арттыру мақсатында түрлі тиімді әдіс-тәсілдерді (шапалақ әдісі, кері байланыс, визуалды материалдар) ұтымды қолданды.
Тапсырмалар оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай, түсінікті әрі қызықты ұсынылды. Сыни ойлау дағдыларын дамытуға бағытталған сұрақтар қамтылып, оқушылардың өз пікірін еркін жеткізуіне мүмкіндік берілді. Бағалау үдерісі қалыптастырушы сипатта жүргізіліп, дер кезінде кері байланыс берілді.
Сабақты қорытындылау кезеңінде «Білім поштасы» әдісі арқылы оқушылардың ой-пікірлері тыңдалды. Сонымен қатар, «Сөйлеу қорабы» әдісі арқылы оқушылар Шоқан Уәлихановтың негізгі еңбектерін атап өтті. Мұғалім әр оқушымен жеке жұмыс жүргізе отырып, олардың сабаққа қатысу белсенділігін арттыра білді.
Жас маманның сабақ өткізу шеберлігі жоғары деңгейде көрініс тауып, сабақ мақсатына толық жетті.