“Процессы в живой природе” » №4 орта мектеп. Талдықорған
"Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі"мемлекеттік мекемесінің
"№4 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 24-66-74
Есепші бөлімі:
+7(7282) 24-66-74
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Процессы в живой природе”
04
февраль
2026

“Процессы в живой природе”

Жаратылыстану әдістемелік бірлестігінің онкүндігі аясында биология пәні мұғалімі Рамазанова Әсел Нұржанқызы “Процессы в живой природе” тақырыбында ашық сабақ өткізді. 

Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға тірі табиғаттағы негізгі процестер (қоректену, тыныс алу, өсу және даму) туралы бастапқы түсінік қалыптастыру, олардың маңызын түсіндіру, пәнге деген қызығушылығын арттыру және логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

Сабақ барысында қолданылған әдіс-тәсілдер мен платформалар:
Сабақта оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында LearningApps, Wordwall және басқа да интерактивті платформалар тиімді қолданылды. Бұл платформалар арқылы бекіту, сәйкестендіру, тест тапсырмалары орындалып, оқушылардың білім деңгейі жедел бағаланды. Classroomscreen және padlet платформасы арқылы кері байланыс және рефлексия алынды. Интерактивті тапсырмалар оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, сабақтың тиімді өтуіне ықпал етті.