26
декабрь
2025
«Жасанды интеллект арқылы оқушылардың мәнерлеп оқу дағдысын дамыту»
Бүгін мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог - зерттеуші Бейсенбі Сәуле Төлендіқызы «Жасанды интеллект арқылы оқушылардың мәнерлеп оқу дағдысын дамыту» тақырыбында қалалық семинарда тәжірибесімен бөлісті. Семинар барысында қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында жасанды интеллект құралдарын қолданудың тиімді жолдарын ұсынды.
Ұсынылған тәжірибеде оқушылардың көркем мәтінді түсініп оқуын, интонация, дауыс ырғағы, логикалық екпін мен паузаны дұрыс қою дағдыларын қалыптастыруға бағытталған әдіс-тәсілдер көрсетілді. Жасанды интеллектке негізделген платформалар арқылы оқушының мәнерлеп оқуын дыбыстық жазба түрінде талдау, қателерін автоматты анықтау және жекелей кері байланыс беру мүмкіндіктері тәжірибе жүзінде дәлелденді.
Практикалық жұмыстар барысында оқушылардың оқу қарқыны мен сөйлеу мәдениетін дамытуда жасанды интеллекттің тиімділігі байқалды. Бұл тәсілдер оқушының өзін-өзі бағалау дағдысын қалыптастырып, оқу үдерісіне деген қызығушылығын арттыруға ықпал етті. Сонымен қатар, мұғалім үшін әр оқушының жеке ерекшелігін ескеріп, саралап оқытуға мүмкіндік туғызатыны анықталды.
Қалалық семинарға қатысқан әріптестер ұсынылған тәжірибенің өзектілігін атап өтіп, жасанды интеллектті оқу сауаттылығын дамытуда тиімді құрал ретінде қолдануға болатынын қолдады.
Бұл жұмыс ұстаздың педагог-зерттеуші ретіндегі кәсіби құзыреттілігін арттырып, заманауи білім беру талаптарына сай инновациялық ізденістер жүргізуге негіз болды.