«Петроглифтерді қорғаушылар» » №4 орта мектеп. Талдықорған
"Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі"мемлекеттік мекемесінің
"№4 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 24-66-74
Есепші бөлімі:
+7(7282) 24-66-74
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Петроглифтерді қорғаушылар»
15
апрель
2026

«Петроглифтерді қорғаушылар»

Бүгін мектебімізде тарих және құқық негіздері әдістемелік бірлестігінің онкүндігі аясында «Диалог алаңы» ұйымдастырылып, «Петроглифтерді қорғаушылар» қоғамдық қоры өкілдерімен мазмұнды кездесу өтті.
Кездесу тақырыбы: «Жетісу петроглифтері. Қазақстан – петроглифтер елі».
Мақсаты – оқушылардың тарихи-мәдени мұраға деген қызығушылығын арттыру және белсенді азаматтық ұстаным қалыптастыру.
Кездесуге арнайы қонақтар қатысты:
🔹 Александр Горячев – археолог, Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының ғылыми қызметкері;
🔹 Гумирова Ольга Николаевна – «Петроглифтерді қорғаушылар» ҚҚ атқарушы директоры, әуесқой археолог, журналист;
🔹 Оңғаров Алматай Ерметаевич – білім саласына зор еңбек сіңірген ардагер ұстаз.
Қонақтар Жетісу өңіріндегі петроглифтердің ерекшеліктері, олардың тарихи маңызы мен қорғау жолдары туралы құнды мәліметтермен бөлісті. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мазмұнды жауаптар алды.
Кездесу өте қызықты әрі әсерлі өтті. Мұндай тағылымды шаралар жас ұрпақтың тарихи санасын қалыптастыруға үлкен үлес қосады.