12
сентябрь
2022
«Дәрумендер – біздің достарымыз» тақырыбындағы тәрбие сағаты
«Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» ММ-нің «№4 орта мектеп» КММ-де өткізілген тәрбие сағатының хаттамасы
Тақырыбы: «Дәрумендер – біздің достарымыз»Қатысқандар: 3 сыныптар
Өткізілген күні: 12.09.2022ж
Өткізілген орны: «№4 орта мектеп» КММ
Мақсаты: Балалардың дұрыс тамақтануы, көкөністерді, жемістерді, жидектерді және басқа да пайдалы өнімдерді пайдалану қажеттілігі туралы білімдерін жүйелеу және кеңейту; адам үшін олардың мәнін ашу; салауатты өмір салтының құрамдас бөлігі ретінде рационалды тамақтану туралы түсінік беру.
Күн тәртібінде: Тәрбие сағатын әлеуметтік педагог Өтебаева А.А. мен мектеп медбикесі Сарманбетова А.А. өткізді. Тәрбие сағатында оқушыларға «Дәрумендер – біздің достарымыз» атты тақырыпта әңгіме жүргізілді.
Кіріспе сөзді мектеп медбикесі Анар Айткалиевна бастады, ол дәрімендер туралы қысқаша ақпарат беріп өтті: Дәрумендер: Ағзаға тағам арқылы енетін белоктардың, минералды тұздардың, майлардың, көмірсутегінің алмасуын тездететін заттар – дәрумендер. әрқайсысының өз атқарар қызметі бар дәрумендер қай жастағы адамға да қажет.
А дәрумені мал өнімдерінде болады. әсіресе бүйрек, бауырда, жұмыртқаның сары уызында, сүт тағамдарында мол. А дәрумені жетіспегенде адамның көру қабілеті төмендеп, заттың түсін ажырата алмайды. Шашы түсіп, терісі құрғап кетеді.
В дәрумені жетіспегенде асқазан, ішек жаралары пайда болады, жүйке жүйесі зақымданып, адам сал болып қалуы мүмкін. Ет, сүт, балық тағамдарын, жұмыртқаны аз пайдаланса, В дәруменінің жетіспеушілігі байқалады.
Е дәрумені жетіспеуінен бұлшық ет солып, адам семе бастайды, дистрофия ауруына ұшырайды. Е дәрумені мал өнімдерінде, көкөністерде кездеседі.
С дәрумені жеміс-жидектен, алмадан, лимоннан, итмұрын, қарақат, шиеден табылады. С дәрумені жетіспегенде адамның жұмысқа қабілеті төмендейді. Ұйқысы бұзылып, тәбеті кемиді, суыққа оңай бой алдырады.
Д дәрумені балық майында, жемістерде болады. Д дәрумені жетіспегенде тұздар ағзаға сіңбей бала мешел ауруына шалдығуы мүмкін. Бойының, тісінің өсуі тоқтап, сүйектері қатаймай, аяқтары қисық өседі.
Оқушылармен бірлесіп зиянды және пайдалы тамақтар тізімі әзірленді: Пайдалы тамақтар: Майы аз ет, айран, балық, нан, өсімдік майы, сәбіз, пияз, орамжапырақ. Зиянды тамақтар: фанта, бәліш, кока-кола, чипсы, сникерс, шоколад, тәтті нандар, майлы қуырылған ет. Оқушыларға берілген топтық жұмыс нәтижесінде: «ТАҢҒЫ АС» командасы - таңғы асқа қажет азық-түліктердің мәзірін, «ТҮСКІ АС» командасы- түскі уақытта, түскі асқа қажет азық-түліктердің мәзірін, «КЕШКІ АС» командасы - кешкі ас кезінде пайдаланылатын өнімдерден мәзір жасады.
Соңғы қорытындысында дұрыс тамақтану ережесімен әлеуметтік педагог Алина Асқарқызы Өтебаева таныстырып өтті: «Дұрыс тамақтанып, айтылған ережелерді орындай білген адамдардың ғана денсаулығы берік бола алады. Сондықтан да дұрыс тамақтану - әр адамның өз қолында демекпіз. Дұрыс тамақтану ережелері: тамақты үстелдің басында отырып қабылдау керек. Егер тамаққа зейін салмаған жағдайда, адам тойғанын білмей қалып, артығымен тамақтанады. · тамақты асықпай, мұқият шайнап, тамақтану режимін сақтап жеу керек. тамақты жиі және аз мөлшерде, күніне бес рет қабылдаған жөн. · тамақтанған соң дереу шай ішуге болмайды. Себебі шайдың құрамында темірді ыдырататын заттар болады. Шайдың орына шырын ішкен жөн. таңертеңгі асты мұқият қабылдау. Егер организм 10-12 сағат тамақ қабылдамаса, онда организмдегі қант азайып кетеді. Ертеңгі асты ішпесе, түсте артығымен қабылдайсыз, нәтижесінде асқазанға ауыртпалық түсіресіз. Дұрыс тамақтанудың негізгі шарттары: 1. Тағамның құрамында негізгі қоректік заттар (белок, көмірсу, май) болуы тиіс. 2. Тамақ рационында (дәрумендер, тағамдық талшықтар) болуы тиіс. 3. Тамақ нәрлілігінің адамның жасына, мамандығына, денсаулық күйіне, табиғи-климаттық жағдайларына сәйкестігі. 4. Тәулік бойы тамақтану тәртібін, мөлшерін сақтау» - деп айтылды.
Қорытынды: Сұрақ-жауап арқылы оқушылардың алған ақпарат, түсініктерін қорытындыланды. Оқушылар көптеген пайдалы ақпарат алды.



