«Астана – Тәуелсіз Қазақстанның астанасы» » №4 орта мектеп. Талдықорған
"Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі"мемлекеттік мекемесінің
"№4 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 24-66-74
Есепші бөлімі:
+7(7282) 24-66-74
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Астана – Тәуелсіз Қазақстанның астанасы»
21
апрель
2026

«Астана – Тәуелсіз Қазақстанның астанасы»

Жас мамандар апталығы аясында тарих пәнінің мұғалімі Асқар Ержан Ұланұлы 9 «Б» сыныбында Қазақстан тарихы пәнінен «Астана – Тәуелсіз Қазақстанның астанасы» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Сабақ барысында оқушылар Астана қаласының қалыптасу тарихына үңіліп, хронологиялық тізбек құрастырды, себеп-салдар кестесін толтырды. Жұптық жұмыс SWOT талдау әдісі арқылы жүзеге асырылды.

Сабақты бекіту кезеңінде оқушылар «Астана неліктен жаңа Қазақстанның нышаны?» деген сұраққа 3 нақты аргумент келтіріп, өз ойларын дәлелдеді. Кері байланыс «Құрылысшының кірпіші» әдісі арқылы ұйымдастырылып, «Мен бүгінгі сабақта өз білімімнің іргетасына қандай жаңа кірпіш қаладым?» деген сұраққа жауап беру арқылы қорытындыланды.

Сабақ мазмұнды, тартымды өтіп, оқушылардың белсенділігі жоғары деңгейде болды.