«Спорт в Казахстане» » №4 орта мектеп. Талдықорған
"Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі"мемлекеттік мекемесінің
"№4 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 24-66-74
Есепші бөлімі:
+7(7282) 24-66-74
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Спорт в Казахстане»
22
апрель
2026

«Спорт в Казахстане»

Жас мамандар апталығы аясында жас маман, орыс тілі пәнінің мұғалімі Сакенов Мерей Аскарович 5 «Ә» сыныбында «Спорт в Казахстане» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Сабақтың басы ерекше форматта ұйымдастырылып, оқушыларға Михаил Шайдоров пен Денис Теннің суреттері ұсынылды. Оқушылар спортшылардың еңбегі туралы ой бөлісіп, сабақтың тақырыбы мен мақсатын өздері болжады.

Үй тапсырмасы сұрақ-жауап әдісі арқылы қорытындыланып, жаңа сабақ топтық жұмыстармен жалғасын тапты. Әр топқа арнайы тапсырмалар беріліп, оқушылар бір-бірін дескрипторлар арқылы бағалады.

Сабақ соңында білімдерін бекіту мақсатында Gimkit платформасы қолданылып, оқушылар QR-код арқылы кіріп, желілік ресурстарды тиімді пайдаланды.

Сабақ өте қызықты, белсенді әрі заманауи форматта өтті. 👏