«Learn English, Live Globally»
Бүгін мектебімізде ағылшын тілі әдістемелік бірлестігінің «Learn English, Live Globally» тақырыбындағы онкүндігінің ашылуы өтті. Іс-шара өте қызықты әрі креативті форматта ұйымдастырылды. Есіктен кірген әрбір қонаққа түрлі танымдық тапсырмалар ұсынылып, бұл оқушылар мен ұстаздардың ерекше қызығушылығын тудырды. Онкүндіктің ашылуы ағылшын тілін үйренудің маңыздылығын көрсетіп, барша қатысушыларға жағымды әсер сыйлады. Алдағы күндер де мазмұнды әрі пайдалы шараларға толы болатынына сенімдіміз.