09
февраль
2026
«Хуго де Фриздің мутация туралы теориясы. Кенеттен және индуцияланған мутациялар»
Жаратылыстану әдістемелік бірлестігінің онкүндігі аясында биология пәні мұғалімі Абишева Арай Кайратовна 10-сыныпта «Хуго де Фриздің мутация туралы теориясы. Кенеттен және индуцияланған мутациялар» тақырыбында панорамалық сабақ өткізді.
Сабақтың мақсаты – оқушыларға Хуго де Фриздің мутация теориясы, мутагенез себептері және мутация түрлері туралы жүйелі білім беру, кенеттен және индуцияланған мутацияларды ажырату дағдыларын қалыптастыру, ғылыми ойлау қабілеттерін дамыту.
Сабақ барысында оқушылар жеке, жұптық және топтық жұмыстар орындады. «Миға шабуыл» әдісі арқылы жаңа тақырып ашылып, LearningApps платформасында интерактивті тапсырмалар орындалды. Жағдаяттық тапсырмалар арқылы мутация мен мутагенез ұғымдары салыстырылып, топтық жұмыста мутация теориясы, мутагенез себептері және мутация түрлері зерттелді. Сабақта жасанды интеллект арқылы дайындалған бейнематериалдар қолданылды.
Сабақ нәтижесінде оқушылар мутация және мутагенез ұғымдарын меңгеріп, мутация түрлерін ажырата алды, себеп–салдар байланысын анықтап, ғылыми терминдерді дұрыс қолданды. Бірлескен жұмыстар арқылы ынтымақтастық, белсенділік және пәнге деген қызығушылық артты.