“Периодтық жүйенің құрылымы” » №4 орта мектеп. Талдықорған
"Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі"мемлекеттік мекемесінің
"№4 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 24-66-74
Есепші бөлімі:
+7(7282) 24-66-74
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Периодтық жүйенің құрылымы”
06
февраль
2026

“Периодтық жүйенің құрылымы”

Жаратылыстану әдістемелік бірлестігінің онкүндігі Алдабергенова Арайлым Асқарқызы “Периодтық жүйенің құрылымы”тақырыбында панорамалық сабақ өткізді. 

Сабақ барысы:Сабақ басында алдыңғы білімді еске түсіру мақсатында сұрақ-жауап жұмысы ұйымдастырылды.
Жаңа тақырыпты түсіндіру кезінде периодтық жүйенің құрылымы, периодтар мен топтардың ерекшеліктері қарастырылды.
Оқушылар жұптық және топтық жұмыстар арқылы элементтердің периодтық жүйедегі орнын анықтауға арналған тапсырмалар орындады.
Сабақтың соңында білімді бекіту және кері байланыс жүргізілді:
– ARLOOPA платформасы арқылы периодтық жүйенің құрылымы көрнекі түрде көрсетілді;
– Educaplay платформасында қорытынды интерактивті тапсырмалар орындалды;
– Mentimeter арқылы оқушылар рефлексия жасап, өз пікірлері мен сабақтан алған әсерлерін білдірді.

Сабақтың нәтижесі: Сабақ соңында оқушылар периодтық жүйенің құрылымын түсінді, периодтар мен топтарды ажырата алды. Химиялық элементтердің периодтық жүйедегі орнын анықтап, олардың қасиеттерінің периодтық өзгеруін түсінді. Оқушылардың пәнге қызығушылығы артып, талдау, салыстыру және өз ойын дәлелдеп айту дағдылары қалыптасты.