Іс-шаралар » Страница 10 » №4 орта мектеп. Талдықорған
"Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі"мемлекеттік мекемесінің
"№4 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 24-66-74
Есепші бөлімі:
+7(7282) 24-66-74
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Жасанды интеллект арқылы оқушылардың мәнерлеп оқу дағдысын дамыту»
26
декабрь
2025
«Жасанды интеллект арқылы оқушылардың мәнерлеп оқу дағдысын дамыту»
Бүгін мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог - зерттеуші Бейсенбі Сәуле Төлендіқызы «Жасанды интеллект арқылы оқушылардың мәнерлеп оқу дағдысын дамыту» тақырыбында қалалық семинарда  тәжірибесімен бөлісті. Семинар барысында қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында жасанды интеллект құралдарын қолданудың тиімді жолдарын ұсынды. Ұсынылған тәжірибеде оқушылардың көркем мәтінді түсініп оқуын, интонация, дауыс ырғағы, логикалық екпін мен паузаны дұрыс қою дағдыларын
“Абай Құнанбайұлы- ұлы ақын”тақырыбында
26
декабрь
2025
“Абай Құнанбайұлы- ұлы ақын”тақырыбында
26.11.2025  күні қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігі онкүндігі аясында 4 “Е” сыныбында “Абай Құнанбайұлы- ұлы ақын”тақырыбында панорамалық сабақ өтті. Сабақты қазақ тілі пәні мұғалімі Оразханқызы Нұржанат жүргізді. Сабақ барысында оқушылар тыңдалым материалын тыңдап, мазмұны бойынша сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар тыңдалған мәтін бойынша кластер толтырды.
🏆 Құтты болсын, Арлан!
25
декабрь
2025
🏆 Құтты болсын, Арлан!
🏆 Құтты болсын, Арлан! Мектебіміздің 3 "Ә" сынып оқушысы Мадиұлы Арлан Президенттік шыршаға қатысып, үлкен қуанышқа бөленді!   🌍 Сонымен қатар Арлан Әлем чемпионатына қатысып, жүлделі ІІ орынға ие болды!   👏 Ел намысын қорғап, көк туымызды желбіреткен чемпионымызбен мақтанамыз!   Жеңісті күндерің көп болсын, Арлан!   #ПрезиденттікШырша   #ӘлемЧемпионы   #Мақтанышымыз   #АрланМадиұлы   #ЖасЧемпион
Халықаралық тәжірибе аясында!
22
декабрь
2025
Халықаралық тәжірибе аясында!
📚 Шеберлік сыныбы — Халықаралық тәжірибе аясында! Бүгін мектебімізде педагог-зерттеуші, математика пәнінің мұғалімдері Кукузова Б. С. мен Досымбек А. А. ұйымдастыруымен «Функционалдық математикалық сауаттылықты дамытудағы халықаралық тәжірибелер» тақырыбында шебер сынып өтті. 🔹 Мақсаты: Мұғалімдерге функционалдық сауаттылықты арттыруда әлемдік әдіс-тәсілдермен таныстырып, оларды оқу үдерісінде тиімді қолдану жолдарын көрсету. 🔍 Іс-шара барысында: — Халықаралық бағалау жүйелері (PISA, TIMSS)
Жыл үздігі – 2025!
18
декабрь
2025
Жыл үздігі – 2025!
🏆 Жыл үздігі – 2025! Мектебіміздің 11 "Ә" сынып оқушысы Асыл Еркежан Жетісу облысы әкімінің ұйымдастыруымен өткен «Жыл үздігі – 2025» спорт саласының үздіктерін марапаттау рәсіміне қатысып, Азия чемпионы ретінде ерекше танылып, облыс мақтанышына айналды! 🎉 Еркежан облыс әкімінен 120 000 теңгелік сертификат пен Алғыс хат алып, мектебіміздің абыройын асырды. 🔹 Жетістігіңмен мақтанамыз! 🔹 Әрдайым жеңістен көріне бер! #ЖылҮздігі2025 #Мақтанышымыз #АзияЧемпионы #АсылЕркежан #ЖетісуЖастары
Туған күнін Тәуелсіздікпен бірге тойлаған жас патриот!
18
декабрь
2025
Туған күнін Тәуелсіздікпен бірге тойлаған жас патриот!
Туған күнін Тәуелсіздікпен бірге тойлаған жас патриот! 🇰🇿 3 «Ә» сынып оқушысы Алимамет Асад өз туған күнін ерекше форматта атап өтті. Оқушы елінің Тәуелсіздік күнімен тұспа-тұс келген қуанышты сәтін жүрекжарды өлең жолдарымен айшықтап, туған жеріне деген сүйіспеншілігін білдірді. ✨ Жас ұрпақтың елге деген махаббаты мен патриоттық сезімі осындай игі істермен көрініс табады. Асадтың шығармашылығына шабыт пен табыс тілейміз! #ТәуелсіздікКүні #ЖасПатриот #ОқушыШығармашылығы #БіздіңМақтанышымыз
Қуанышты жаңалық! 🎉
18
декабрь
2025
Қуанышты жаңалық! 🎉
Қуанышты жаңалық! 🎉 «Батырлар институты: ұлттық рух пен құндылықтар сабақтастығы» атты Қалалық ғылыми-тәжірибелік конференцияда мектебіміздің тарих пәнінің мұғалімі Исабекова Эльвира Сайлаубаевна жоғары деңгейде баяндама жасап, жүлделі II орынға ие болды! 🏆 🔹 Ұлттық тарихты дәріптеу, жас ұрпаққа батырлық рух пен құндылықтарды сіңіру жолындағы еңбегіңізге алғыс білдіреміз. 🔹 Жетістіктеріңіз – өзгелерге үлгі, мектебіміздің мәртебесі! Құттықтаймыз! Шығармашылық табыс, кәсіби биіктер тілейміз!
Семинар – ЖИ сабақта қолдану
18
декабрь
2025
Семинар – ЖИ сабақта қолдану
Семинар – ЖИ сабақта қолдану Бүгін мектебімізде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ибраимова Жібек Мұхтарқызының ұйымдастыруымен «Жасанды интеллектті сабақта тиімді қолдану» тақырыбында мазмұнды семинар өтті. Семинарда ChatGPT, Gemini, Picsverse, Gamma, LearningApps.org секілді заманауи ЖИ құралдарын оқу үдерісінде пайдалану жолдары нақты мысалдармен көрсетілді. 🔹 ЖИ-ді тапсырма дайындауға, контент құруға, оқушылардың шығармашылығын дамытуға бағыттап қолдану жолдары қарастырылды. 🔹
Мектебіміздің 9–11 сынып ұлдар командасы Мектеп лигасы аясында баскетболдан өткен жарыста жүлделі III орын иеленді!
18
декабрь
2025
Мектебіміздің 9–11 сынып ұлдар командасы Мектеп лигасы аясында
🎉 Құттықтаймыз! Мектебіміздің 9–11 сынып ұлдар командасы Мектеп лигасы аясында баскетболдан өткен жарыста жүлделі III орын иеленді! 🏀🥉 💪 Оқушыларымыз өздерінің шеберлігі мен ұйымшылдығын көрсетіп, жоғары нәтиже көрсетті. 👏 Команданың жеңіске жетуіне үлес қосқан жетекшісі Жомартов Габит ұстазға алғысымызды білдіреміз! Жеңістеріңіз көп болсын! 🏆 #Жетістік #Баскетбол #МектепЛигасы #Жеңіс #ҰлдарКомандасы
Мектеп лигасы аясында 9-11 сынып оқушылары арасында өткен баскетбол жарысы
18
декабрь
2025
Мектеп лигасы аясында 9-11 сынып оқушылары арасында өткен баскетбол
🎉 Құттықтаймыз! 🎉 Мектеп лигасы аясында 9-11 сынып оқушылары арасында өткен баскетбол жарысында мектебіміздің командасы І орын иеленді! 🏆 Бұл – жаттықтырушы Бимұханов Бейбіттің кәсіби жетекшілігі мен оқушылардың ауызбіршілігінің, тынымсыз еңбегінің нәтижесі! 💪🏀 Жеңіс құтты болсын! Алдағы жарыстарда да сәттілік тілейміз! 👏👏