«Көңілді сөре»
Дене шынықтыру әдістемелік бірлестігінің онкүндігі аясында дене шынықтыру пәні мұғалімдері Кусаинов С.М. пен Табрик Ж. 1-сынып оқушыларымен «Көңілді сөре» атты жарыс сабағын өткізді 🏃♂️🏃♀️ Сабақ өте қызықты әрі тартымды форматта ұйымдастырылды. Оқушылар 4 командаға бөлініп, өзара жарысқа түсті. Әр кезең сайын командалардың жетістіктері атап өтіліп, оқушылардың белсенділігі мен ептілігі мадақталып отырды. Кішкентай спортшылар ерекше ынта танытып, ұйымшылдық пен жылдамдықтарын көрсете білді.